ШҰҒЫЛ! Газ бағасы қымбаттады Толығырақ

Бір мектепте 30 ер мұғалім білім береді

21:06, 26 қаңтар 2021

Бір мектепте 30 ер мұғалім жұмыс істейді. Ашылғанына небәрі 7 жыл болған Ақшұқыр мектеп лицейі осындай кадрлық құрамымен ерекшеленіп отыр. Ұстаздардың қатарында зерттеуші, сарапшы, модератор педагогтар да бар. Бүгінде мың бес жүзден астам бала оқитын мектепте жалпы 123 мұғалім қызмет етеді. Үздік ауыл мектебі туралы толығырақ әріптесім Мөлдір Батырбай айтып берсін.

Тарих пәнінің мұғалімі Бауыржан Айманов бұл мектепке осыдан 3 жыл бұрын орналасты. Ұлы мамандықты таңдауда ұстазынан үлгі алған. Оқушылар тек пәнді меңгеріп қана қоймай, тұлғалық, адамгершілік қасиетке де ие болса дейді.

Бауыржан Айманов - Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақстан тарихы және дүние жүзі тарихы пәнінің мұғалімі

Ең бірінші ұстаздың мақсаты шәкіртке ол адам болу. Екінші адал болу. Ол қай саланың маманы болса да адал қызмет етсін. Үшіншіден қай жерде жүрсе де аман жүре отырып, елге, өзіміздің елімізді әлемге танытуда елге қызмет ете берсін деген ұстаным қоямыз алдымызға.

Бұл мектепте мұғалімдердің көбеюіне дипломмен ауылға бағдарламасы септігін тигізген. Ұстаздардың ең үлкені 57-де болса, ең кішісі 19-да. Басым көпшілігі -  жастар. Ер азаматтар технология, дене шынықтырудан ғана емес, қазақ тілі мен әдебиеті, математика, тарих сынды негізгі пәндерден сабақ береді. Кейбірінің ақындық, актерлік, әнші-жыршылық қасиеті де бар. Ал енді бірі шахмат, бокс сияқты спорт түрімен айналысады. Ерекше қарым-қабілеттерінің арқасында аудандық деңгейден бастап, халықаралық дәрежедегі додалардан жүлделі оралған.

Мектепте ер мұғалімдердің көп болуы бала тәрбиесіне де оң әсер етеді. Әсіресе, ер балалардың ер мінезді, ел жанды боп өсуіне ықпалы зор, - дейді мамандар.

Гүлден Дүйсенбаева - психолог

Ер адамдардың үлесі өте зор деп айтуға болады. Яғни, ер адамның бұл жерде тәрбиесіне үлкен бір әсерін тигізетін тұлға деп айтуға болады. Баламен жылы сөйлеседі. Және көп талапшыл болады және де жауапкершілігі өте жоғары болады. Яғни тәрбиеге келген кезде және білімге де келген кезде. Көбірек ер адамдардың болғаны дұрыс. Себебі, ұжымда кішкене дисциплина болады. Тәртіп болады. Сол тұлғаларға қарап оқушылар үлгі алады деп ойлаймын.

Расымен мектеп оқушылары қазірден-ақ ұстаздарына қарап бой түзеп жүр. Мұғалімдерін үлгі тұтады.

Жеңісбек Амандық - Ақшұқыр мектеп-лицейінің 11 - сынып оқушысы

Ағайлардың түсіндіру тактикалары өте ерекше болғандықтан, оқушыларға өте түсінікті әрі нақты деп ойлаймын. Менде келешекте осы ағайлар құсап, осы мектепте мұғалім болғым келеді. Мектепте білім нәрін сусындатып, келешек ұрпаққа сапалы білім және ҚР-дың білім сапасын көтеруге ниеттенемін.

Облыстағы білім беру ошақтарында ер мұғалімдердің саны аз-аздан болса да өсіп келеді. Мәселен, былтыр өңірде 1200 ер мұғалім болса, биыл олардың қатарына тағы  477 азамат келіп қосылды. Ардагер ұстаз Ордалы Қосайдың айтуынша, соңғы жылдары мұғалімдер жалақысының өсуі - педагог ер азаматтардың көбеюіне сеп болып отыр.

Ордалы Қосай - ардагер ұстаз

Қазақта бір сөз бар. Бір терек алғысыз дейтін. Кешегі тоқырау жылдарында мұғалім бір терек алғысыз болып қалды. Факт. Қаракөл қозының бір елтірісіне тұрмайтындай жағдайда болды мұғалімдер. Мектептің мұғалімдері мүшкіл хәлде болды да, сосын оқу орнына оқушылардың ең төмен үлгеретіндері мен үлгермеушілері барып түсті. Қазір бірақ оқуға түсетін ер балалар көбейіп келе жатыр. Оқуға түсетін ер балалар қай уақытта көбейеді. Мұғалімге жағдай жасалса, отбасын асырайтындай мүмкіндік болса, ер адамдар көбейеді. Сондықтан бірте-бірте көбейіп келе жатыр. Бізжалпы  қазір өрлеу, алға басу үстіндеміз.

Жалпы педагогикалық мамандық таңдайтын түлектер қатары да артқан. Мәселен, жергілікті бюджеттен 2018 жылы 39 грант, 2019 жылы 52. Ал өткен жылы 50 білім гранты тағайындалған.

Тақырып бойынша материалдар

Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген
20:49, 26 ақпан 2021
Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар