ШҰҒЫЛ! Президент тапсырмасын орындауға қатысты міндеттер жүктелді Толығырақ

Бірнеше өңірде карантиндік шаралар күшейтілмек

19:55, 27 шілде 2021

Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағандыда карантиндік шектеулер күшейтіледі. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен вирустың таралуына жол бермеу жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Тәуліктік вирус жұқтырушылардың - 65 пайызы, қайтыс болғандардың 55 пайызы осы аталған аймақтарға тиесілі. Сол себепті, 2 тамыздан бастап "Ashyq" жобасына қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады. Ойын-сауықтық, спорттық шараларды өткізуге тыйым салынады. Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйым қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс.

Сондай-ақ, вице-Премьер мониторингтік топтардың жұмысын жандандыруды тапсырды. Соңғы уақытта рейдтік шаралар азайған. Бірақ, заң бұзушылықтар тоқтамай тұр. Одан бөлек, кейбір өңірде вакцинациялау қарқыны төмен. Мәселен, Маңғыстау облысында халықтың 25 пайызы ғана екпе алған.Бұл елдегі орташа көрсеткіштен 2 есе аз.

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
21:44, 24 қыркүйек 2021
Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
19:54, 21 қыркүйек 2021
100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
Толығырақ...