ШҰҒЫЛ! Семіз айтып, арық шықты Толығырақ

Биыл 17 млн шаршы метр үй пайдалануға беріледі

20:33, 23 ақпан 2021

Елімізде пәтер кезегін күтіп, жалдамалы баспанада тұрып жатқан отбасыларға субсидия төленбек. Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі осындай бастаманың қолға алынғанын жеткізді. Субсидия көлемі Нұр-Сұлтанда 90 мың, өзге аймақтарда 60 мың теңге. Оны пәтер кезегінде тұрған және табысы жан басына шаққанда 34 мың теңгеден аспайтын отбасылар алады. Ал табысы күн көріс деңгейінен жоғары жанұялар төмен пайызбен ипотека алуына болады. Қазір 550 мыңдай адам баспана кезегінде тұр. Негізінен жағдайы төмен және көп балалы отбасылар. Оларды баспанамен қамту үшін «Отбасы банкі» жанынан арнайы орталық құрылмақ. Үүй кезегінде тұрғандар тізімі осы орталыққа көшіріліп, мемлекеттік пәтерлер бір жерден үлестіріледі.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі

Барлығы осы жылы 17 млн шаршы метр үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл өткен жылға қарағанда 2 млн шаршы метрге көп. Өңірлерде құрылыс маусымен уақтылы бастау маңызды. Жер учаскелерін уақтылы бөлу, және оларға қажетті инфрақұрылымды жеткізіп, тиісті жобалық құжаттаманың болуын қамтамасыз ету қажет.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Адам өліміне қатысты 2 күдікті ұсталды
20:54, 19 ақпан 2021
Адам өліміне қатысты 2 күдікті ұсталды
Толығырақ...