ШҰҒЫЛ! Салық төлемесең, көлігің қамалады Толығырақ

Болашақ маманды бүгіннен баптайды

19:08, 8 сәуір 2021

Ақтауда мамандық мәртебесін түсіндіруге бағытталған маңызды шара басталды. Ол- "Baby skills" жобасы. Қазір оның үшінші кезеңі жүріп жатыр. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға таңдаған болашақ мамандығы туралы ақпарат беріп, оның қыр-сырына қанықтырып, қызықтыру - бұл жобаның басты мақсаты. Жалпы бұл жобаға облыстағы балабақшалардан 37 бала, мектептен 60 оқушы қатысып жатыр. Ал бүгінгі сайыста 6 бүлдіршін өз шеберліктерін көрсетті.

World skills - жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыруға бағытталған қозғалыс. Оның тарихы осыдан 74 жыл бұрын Испаниядан басталды. Ал 2014 жылы Қазақстан халықаралық WorldSkills қауымдастығының 70-мүшесі болды. Сол жылдан бастап облыста да осы чемпионат өткізіліп келеді. Биыл бірінші рет 5-6 жастағы балабақша тәрбиеленушілері мен 6-9-дағы мектеп оқушыларына арналып "Baby skills" жобасы ұйымдастырылды.

Жания Сармурзина - облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы 

Жобаның негізгі мақсаты - ерте бастан балаларға кәсіби бағдар беру. Бала кім болғысы келеді. Өзін болашақта кім ретінде көреді. біз сәби, бүлдіршіндерден бастап балалардың мамандыққа деген қызығушылығын, өзін кім ретінде таниды. Кім болғысы келеді дейтін жобамен бастап отырмыз. Чемпионаттың бізге берері өте көп. Бұл жерде балабақша, мектеп, колледж ортасындағы бір-біріне деген сабақтастық алып жүреді деп ойлаймын.

Мөлдір Батырбай - тілші

Жобаға қатысқан 6 бүлдіршін болашақ мамандығын қазірден бастап таңдап қойған. Мәселен, Жазира - наубайшы, Әминат - кондитер, ал Зере - шаштараз-стилист болғысы келеді. Көркем - балабақша тәрбиешісі, Кира - мерчендайзер, ал Раяна дизайнер боламын дейді. Балақайлардың барлығы мамандық таңдаудың жауапкершілікті талап ететін маңызды іс екенін жақсы түсінеді.

Балабақша тәрбиеленушілері ақпан айынан бері кәсіби мамандардан білім алды. Кәсіпке қатысты дағдыларды меңгерді. Солардың бірі - Раяна Гилман. Арманы - қыз-келіншектерге арнап ерекше көйлектер тігу.

Раяна Гилман - қалалық №46 балабақша тәрбиеленушісі

Мен өскен кезде дизайнер тігінші болғым келеді. Көйлекті жасау үшін орамалды, түйреуіштерді, белбеу және әшекей бұйымдарды пайдаландым. Жасым бесте болса да, болашағымның жарқын болатынына сенемін.

Жобада әр бала өз мамандығын неліктен таңдағанын түсіндірді. Үйренгендерін іспен дәлелдеді. Бірі тәтті бәліш әзірлесе, енді бірі көйлекке түрлі-түсті әшекей тағып сәндеді. Baby skills-те қабілетін шыңдаған балалар "Үздік маман" атанды.

Кәбира Жантекеева - "Baby Skills" жобасының үйлестірушісі

Чемпионатта 6 құзыреттілік бойынша өтті. Алты құзыреттілікті біз презентация түрінде көрсеттік. Себебі, биылғы жылы біз жобаны бастап отырғандықтан, бірінші осылай презентация түрінде көрсетіп келесі жылдан бастап толықтай үш бала, алты бала қатыстырып жобаны дамытпақшымыз. Жылда енді осы ерте кәсіби бағдар беруге байланысты біз енді мектепке дейінгі ұйымдардан бастап балаларды сол мамандық таңдауға үйретейік деп жатырмыз.

Осылайша кішкентай кәсіп иелері мамандық таңдап, келешегіне бір қадам жасады. Енді олар қабілетін дамытуды тоқтатпақ емес. Әрқайсысы өз саласының білікті маманы болу үшін осы бастан дайындалып жатыр.  Айта кетейік, мамандық фестивалі сәуір айының соңына дейін жалғасады.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

66 миллион теңгеге салынған 3 бірдей дәрігерлік пункт қаңырап бос тұр
20:38, 16 сәуір 2021
66 миллион теңгеге салынған 3 бірдей дәрігерлік пункт қаңыра...
Толығырақ...
Айтулы жүйрік сен едің, алдыңа қара салмаған
19:46, 16 сәуір 2021
Айтулы жүйрік сен едің, алдыңа қара салмаған
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Балықшылар еріккеннен ереуілге шықпайды
20:31, 13 сәуір 2021
Балықшылар еріккеннен ереуілге шықпайды
Толығырақ...