ШҰҒЫЛ! Семіз айтып, арық шықты Толығырақ

Бозжыра маңына этноауыл салынады

19:24, 19 ақпан 2021

Бозжыра маңына қонақүй емес, этноауыл салынатын болды. Бүгін Қарақия ауданы әкімі Қыдырберді Беков пен «Tethys Aktau IV» компаниясының бас директоры Арман Ниязбеков өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға сай инвесторға бірқатар негізгі міндеттер жүктелді. Атап айтқанда, жергілікті тұрғындарды жұмысқа тартып, қонақ үй және мейрамхана ісі бойынша қызмет көрсету саласында мамандар даярлайды.

Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жергілікті кәсіпкерлермен, сондай-ақ ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер, қолданбалы өнер, қолөнер шеберлері сияқты тұрғындармен шарт жасасуды көздейді. Инвестор олар үшін жәрмеңкелер ұйымдастыруға және сауда-саттыққа арнайы орындар бөлуі қажет. Саяхатшыларды этноауылдан Бозжыра шатқалына дейін жеткізетін түйе мен жылқыны да жергілікті тұрғындардан жалға алу жайын қарастырады. Ең бастысы, аумақтың флорасы мен фаунасына, топырақ қабаттарына залал тимеуі тиіс. Өз кезегінде әкімдік этноауыл жобасын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруды, инженерлік-инфрақұрылымдық желімен қамтамасыз етілуін бақылауды міндетіне алады. Айта кетейік, жоба бойынша этноауыл шатқалдан 4 шақырым қашықтықта орналасып, 28,4 гектар аумақты қамтиды.

Қыдырберді Беков - Қарақия ауданының әкімі

Ауданның экономикалық дамуына, сонымен бірге  облыстың туризм саласын дамытуына үлкен бір әсер беретін бірде-бір ерекше жобаның бірі деп ойлаймын. Сонымен қатар, жұмыссыздық мәселесі. Ауылдық-елді мекенде, соның ішіндемына Сенек ауылындағы  дәстүрлі ұлттық тағамдардың, қызмет көрсету бағыттарының дамуына үлкен мүмкіндік береді. Бүгінгі күні осы жобаны жүзеге асыруға біздің ауданның тұрғындарының үлкен мүмкіндіктері бар екеніне көзіміз жетіп отыр.

Арман Ниязбеков - "Тетис Ақтау IV" ЖШС директоры

Жоба негізінде этап-этапымен болып жатыр. Жер мәселесі қарастырылды. 4-5 варианттар қарастырылды. Осы вариантқа тоқтап жатырмыз. Құдай қаласа, жобаланып, дайындалып экспертизадан өткеннен кейін құрылысы басталады. Отель бутиктен, этно ауылға мәселесінен біздің Қазақстанның бұрынғы тарихына келдік негізіне. Көшпенділер халқының орналасуы системасы қалай болады. Этнографтармен сөйлесіп,  сөйтіп біздің ұлттық нышандар көп болатын болғаннан кейін, неге этноауыл демеске.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Адам өліміне қатысты 2 күдікті ұсталды
20:54, 19 ақпан 2021
Адам өліміне қатысты 2 күдікті ұсталды
Толығырақ...