ШҰҒЫЛ! 17 кәсіпорынға айыппұл салынды Толығырақ

Цемент импортына рұқсат берілуі мүмкін

19:17, 3 маусым 2021

Елімізде цемент импортына рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Қазір ведомство цемент тасымалдауға тыйым салатын бұйрықтың күшін жоюды қарастырып жатыр. Еске салайық, бұл шешім отандық өндірушілерді қолдау мақсатында алты ай мерзімге енгізілген еді. Бүгінде зауыттарда цементтің орташа бағасы қосымша құн салығын есептегенде - 22400 теңге. Министрлік өнімнің қымбаттауын алыпсатарлардың әрекетімен байланыстырады. Сондықтан құрылыс материалдарына бағаның одан әрі өсуіне жол бермеу үшін министрлік Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне тексеріс жүргізу туралы ресми хат жолдады. Айта кетейік, республикада 15 цемент зауыты жұмыс істейді. Олардың жылдық қуаты - 16,5 млн тонна.

Тақырып бойынша материалдар

Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
19:48, 17 қыркүйек 2021
Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
Толығырақ...
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
19:48, 17 қыркүйек 2021
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
17:47, 13 қыркүйек 2021
Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
Толығырақ...