ШҰҒЫЛ! Семіз айтып, арық шықты Толығырақ

COVID-19-ға қарсы вакцина

21:06, 26 қаңтар 2021

1 ақпаннан covid-19-ға қарсы екпе егу басталады. Жыл соңына дейін 6 млн адамды вакцинациялау жоспарланған. Соған байланысты облыста дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, облысқа коронавирус инфекциясына қарсы екпенің қаншасы жеткізілетіні белгісіз. Негізінен вакцинациялау үш кезеңнен тұрады. Ең алдымен инфекциялық аурухана, жедел жәрдем, жан сақтау бөлімінің қызметкерлері мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандарына екпе егіледі.

Ресейлік "Спутник V" вакцинасы  алдымен науқастармен тығыз байланыста болатын дәрігерлерге егіледі. Екінші кезең наурыз айында басталады. Бұл тізімде жалпы мектеп пен жоғары оқу орынының мұғалімдері, медицина саласының қызметкерлері бар. Ал үшінші кезеңде мектеп интернаты, балабақша тәрбиешілері мен  студенттер, созылмалы ауруы бар науқастарға салынады.

Ғазиз Надуев - облыстың бас санитар дәрігері

Егуді салғызбаймын десе жазбаша түрде отказ беріп бас тартуға құқылы. Поликлинкаға кіргенде филтрт барма сол жердегі кісі тұрып кіріп жатырған адамдардың қайсысыауру  ауру емес екенін білмейді. Сол кісідердің бәрі орысша айтқанда подверженный первого заражения . Сондықтан сол кісілерді предлогать етіп жатырмыз. Мұның бәрі ұсынылып жатыр. Барлығы өз еріктерімен. + Бұл жаңа айтылған санаттағыларға мұның бәрі тегін. За счет бюджета.

Қазір медициналық мекемелердегі егу кабинеттері қажетті жабдықтармен қамтамасыз  етіліп жатыр. Екпе салатын қызметкерлер  арнайы оқытылды. Дәрігерлердің айтуынша, қауіпті індетке қарсы вакцина ереже бойынша екі рет салынады. Алғаш рет салынған соң 30 минут дәрігердің бақылауында болады. 21 күннен кейін тағы алуы қажет. Дайындық қызу. Ал тұрғындар арасында қауіпті індетке қарсы екпеге күмәнмен қарайтындар бар.

1. Мен өзім қарсымын вакцинаға. Оған мүлдем келіспеймін де. Пока деніміз сау ғой жүре берейік осылай аман болып.  Вакцина салдырып қорғанайық дегенше, үйде отырып қорғанайық. 

2. Вакцинаға қарсымын. Себебі, бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тексерілмеген. Бұл біріншіден. Екіншіден бұл вакцинадан адам өліміне 500 мың ғана беріледі. Яғни, өтемақы ретінде. 500 мың теңге болғаныма сонда адамның өмірі. + Белгісіз түрде барлығына бірдей салдыруды бюджетниктер мен мұғалімдер, дәрігерлерден бастап салуды доғару керек. Себебі мен мұғаліммін бұған мен түбегейлі қарсымын.

3. Екпеге қарсымын.Салдырғым келмейді потому что. Не зат салынып жатырғанын білмейсізғой ешқандайда. Ешкімнің өміріне жауап бермейді.

Екпеден қайтыс болғандарға 500 мың теңге өтемақы беріледі деген ақпарат жалған. Облыстың бас санитар дәрігерінің айтуынша мұндай оқиға болмас үшін вакцина қабылдайдын адам алдымен толық тексеруден өтеді. Қандайда бір ауру белгілері жоқ екендігі анықталған да ғана екпе егіледі. Ал медицина мамандары екпеден бас тартуды құптамайды. Себебі, вакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитет қалыптаспайынша, індетті жеңе алмаймыз, - дейді.

Раушан Кульманова - эпидемиолог дәрігер

Бұл вакцинаның мақсаты қазіргі таңда жаппайь егілуі болмаса, адамдардың қорғанысы болмаса аурудың кең етек алып отырғаны бәріңізге белгілі болып отыр. + Бұл адамның организімінде антиденелерді қалыптастырып ауруға қарсы тұруын қамтамасыз ету мақсатында осы вакцина егіледі.

Ұлжан Сәрсенова- аллерголог дәрігер

Жалған түсінік қалыптаспау керек. Вакцина алдым, енді мүлдем ауырмаймын деген. Ондай нәтижеге жету үшін көпт адам вакцина алу керек. Алғаннан ейін індетке қарсы иммунитет пайда болады. оллективный иммунитет. Ковидке қарсы вакцина да болашақта әр жылдан өте келе бұл да бір жылдағы грипп сияқты мерзімдік  індет болып қалады деген үміттемін.   

Әзірге екпені бірінші кезектегі санаттардан бөлек ,өз еркімен салдырғысы келетіндерге ақылы егу жағы қарастырылмаған. Спутник В вакцинасын Қазақстаннан басқа  Аргентина мен Сервия елі қабылдады. Бұл елдерде 1 айдан бері вакцинациялау жүргізіліп жатыр.

Жансая Оразбай - тілші

Мамандардың айтуынша, екпе 18 бен 60 жас аралығындағыларға салынуы тиіс.  Яғни, кәмелетке толмағандар егілмейді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Адам өліміне қатысты 2 күдікті ұсталды
20:54, 19 ақпан 2021
Адам өліміне қатысты 2 күдікті ұсталды
Толығырақ...