ШҰҒЫЛ! Президент тапсырмасын орындауға қатысты міндеттер жүктелді Толығырақ

COVID-19: Қатаң шаралар қолға алынбақ

19:16, 28 шілде 2021

Облыста рейдік шаралар күшейтіледі. Той-садақаларды тоқтатуды облыс әкімі Серікбай Трұмов қатаң тапсырды. Өйткені, аймақта эпидемиологиялық ахуал күрделі. Күн сайын 200-ден астам маңғыстаулық қауіпті індетті жұқтырып жатыр. Өткен тәуліктің өзінде 11 адам індеттің құрбаны болды. Осыған байланысты коронавирустың таралуын болдырмау және алдын алу жөніндегі өңірлік штабт отырысы өтті. Атқарылып жатқан іс-шаралар пысықталып, жасалатын жұмыстар талқыланды.

2 шілдеден бастау облыс "қызыл" аймақта. Қазір 940 адам стационарда ем қабылдап жатыр Бұл айдың басындағы көрсеткіштен 5 есеге көп. Бір тәулікте  95 науқас емделіп шықса, 176 адам ауруханаға жатқызылды. Оның 31-і бала болса, 98-і жүкті және босанған әйел. Реанимацияда 87 науқас жатыр. Мамандардың айтуынша, жұқпалы вирусты жұқтырғандардың 99  пайызы екпе алмаған.

Гүлмира Қалмұратова - облыс әкімінің орынбасары
күнделікті көріп отырғанымыздай күннен күнге өсім бар. Соның ішінде бұл өсім бұрын қыста симптомды аурулардың саны 40 пайыз болды. Бүгінгі таңда симптомный 65-68 пайызға дейін барады. Осыған байланысты күннен күнге госпиталзация көбейіп отыр. Үйге шығатын адам саны төмен. Госпиталзациясы жоғары. осыған байланысты койкаларлды қосымша қостық. 7 шілде де 515 болды.

Облыстың бас санитар дәрігері Ғазиз Надуев  вирустың жасарып бара жатқанын айтады. Індетіт жұқтырғанардың 60 пайызы 18 бен  50 жас аралығындағы адамдар.  14 жасқа дейінгі балалардың да арасында өсім байқалады. Мәселен, бүгін тіркелген 267 адамның 13,5 пайызы жас балалар. Аурудың алдын алудың жалғыз жолы - вакцинация екенін мамандары ұдай ескертеді. Айта кетейік, вакцинация басталғалы облыс бойынша 97 мың 784 адам егілді.

Ғазиз Надуев - облыстың бас санитар дәрігер
Бүгінгі таңда біздің мақсатымыз бүгінгі бар койкаға адамды толтырмаудың жұмыстарын жасауымыз керек алдын ала. Біздің айтатынымыз  мониторингтік топтың жұмысын күшейтуіміз керек. Вакцинацияны көтеруіміз керек. Июльдің аяғында спад келсе, прогнозный пигті августтың 10-15-і деп отыр. Бұл ауамен тарайтын инфекция болғаннан кейін ара-қатынасты төмендетпесеки болмайды. Ведомства аралық комиссия шешім қабылдады. 4 регион бойынша аурушаңдық деңгейі бар жерде 2 августтен бастап полный локдаун. Былтырғыдай тек аптека мен продуктовый магазин жұмыс жасайды.

Осыған байланысты облыс әкімі Серікбай Трұмов орынбасарларына, қала, аудан әкімдеріне, "Нұротан" партиясының өкілдеріне, мәслихат депутаттарына тапсырма берді. Оларға жүйелі жұмыс жасауды үйлестіріп, елдің амандығы үшін  той-садақаны тоқтатуды тапсырды.

Серікбай Трұмов - облыс әкімі
Тойға бармағанан, садақаға бармағаннан адам өлмейді. Ал сол жерден бірдеңе жұқтырса өледі. Түгел той-садақаны тоқтатыңыздар. Елдің амандығы, әркімнің өмірі қымбатқой адамға деген. Біреудің өмірін сақтап қалуға біз үлес қосамыз. Бір адамның болса да.

Ал мониторингтерді күшейтіп, рейдік шараларды көбейтуді полиция департаментіне жүктеді.

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
21:44, 24 қыркүйек 2021
Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
19:54, 21 қыркүйек 2021
100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
Толығырақ...