ШҰҒЫЛ! Газ бағасы қымбаттады Толығырақ

COVID-19: Өңірдегі ахуал

19:42, 27 қаңтар 2021

Өңірде қаңтар айы басталғалы 24 оқушыдан қауіпті індет анықталды. Оның 7-і мектепте жүріп жұқтырған. Облыстың бас санитар дәрігері Ғазиз Надуевтың мәліметінше, коронавирус шыққан мектепте тағы бір адамнан індет анықталса білім ордасы толығымен онлайнға көшіріледі. Өткен тәулікте еліміз бойынша 1397 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның 10-ы облыс аумағында тіркелді. Жалпы Маңғыстауда жыл басталғалы 261 жағдай тіркелген. Сонымен, өңірде 3983 адам вирус жұқтырды. Оның 3730-ы жазылып шықты. Ал елімізде 181 117 адам ауру жұқтырып, 2476-сы қауіпті індеттің құрбаны болды.

Ғазиз Надуев - Облыстың бас санитар дәрігері

Офлайн оқыған балалардың кластары карантинге жабылған. Олардың бәрі 14 күндегі оқшаулауда отыр. Егер де жақын қарым қатынаста болғандардың ішінен тағы бір оң нәжиже шығып жатса, мектеп онлайн оқуға жіберіледі. + Өздеріңіз біліп отырсыздар қызыл аймақтағылар мектепте 1 оң нәтиже шыққанның өзінде толық карантинге жіберіліп жатыр. Біз жасыл аймақта екенімізді ескере отырып 1 жағдайға ондай шешім қабылдаған жоқпыз.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген
20:49, 26 ақпан 2021
Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар