ШҰҒЫЛ! Мұнай қалдықтары төгілген жердің иесі анықталды Толығырақ

Даламыз күлге, қаламыз қоқысқа толды

20:42, 12 сәуір 2021

Бүгін аймақ басшысы елді-мекендердің санитарлық тазалық жұмыстарының көңіл көншітпейтінін айтып, қала, аудан әкімдерінің жұмысын сынға алды. Тазалық жұмыстарына жыл сайын бюджеттен қажетті қаражат бөлінеді, алайда жағдай бәз-баяғы. Мәселен, ғарыштық мониторинг нәтижесінде облыстағы 141 жерде қоқыс үйінділері анықталған. Олардың 69-ы Ақтау іргесінде, 56-ы Мұнайлыда орналасқан. Ал 8-і Түпқарағанда, 7-еуі Қарақияда, 1-еуі Маңғыстау ауданында.

Қазір аймақта қалдықтарды жинау және шығару қызметтерімен  21 мекеме айналысады. Оның ішінде Ақтау қаласының 80% ТҚҚ шығару қызметімен "Каспий Оперейтинг" ЖШС қамтамасыз етеді. Жауапты мекемелер жұмысын тиісті деңгейде атқара алмай жүр. Бұған қоқыс контейнерлерінің жетіспеушілігі себеп.. Қазіргі таңда облыс  41% қоқыс контейнерлерімен қамтылған. Демек әлі де 16 819 дана керек деген сөз.

Серікбай Трұмов - облыс әкімі

Айту керек, мына жерде мынадай контейнер жетпейді. Соны алып берсек, осы мәселе түбегейлі шешіледі деп. Или әкімдер айту керек или сіз айтуыңыз керек. Бір емес, екі емес, бірнеше жылдан бері келе жатыр, ешқандай мәселе түпкілікті шешілмейді. Яғни біз осыған мүдделі адам сияқтымыз. Айтса айта берсін, күнде айтып жүрген мәселесі ғой деген пиғылда сияқтымыз.

Бұл мәселе бізге де таңсық емес. Телеарна эфирінен ауыл, аудандардағы тау-тау болып үйіліп жатқан күл-қоқыстарды күнде болмаса да көрсетіп жүрміз. Бірақ нәтиже жоқ. Бүгін алынған қоқыс, ертең үйіліп жатады. Соның біріне бүгін кез болдық.

Айнұр Маратқызы - тілші

Бұл "Приморский" тұрғын үй массивіне қарама қарсы жатқан аумақтағы көрініс. Қоқысты кім, қашан тастағаны белгісіз. Тұрғындар үйіндінің осылай жатқанына бес жылдан асқанын айтады. Соған қарағанда бул жердің тазалығына жауаптылар жұмыстарына бейжай қарайтын сияқты.

Мұрат Тачиев - тұрғын

Бұрында да болған, былтырдан бері осы жерді полигонға айналдырды. Бүкіл қаладағы мусорды әкеліп төгіп жатыр. Өйткені, мына құрылысы жүріп жатқан үйлердің, аулалардың мына көшенің  барлығын айналып шығыңыз барлық жерде мусор. Приморский поселкасында әкім жоқ. Әкім

бір жақта біз әкімнің кім екенін білмейміз.

Біз осы күл-қоқыстың жай-жапсарын білмек Ақтау қалалық әкімдігіне хабарластық. Алайда ондағылар, жауапты ертең береміз деді. "Көрмес түйені де көрмес" дегендей, біз яғни журналистер күл-қоқыс қай жерлерде үйіліп жатыр, соны анықтап, билікке хабарласуымыз керек екен. Сонда ғана, олар толыққанды жауап бермек.

Тақырып бойынша материалдар

Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын қабылдады
19:13, 5 мамыр 2021
Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Төккені анық, төккен кім, Төкенов мырза?
20:23, 30 сәуір 2021
Төккені анық, төккен кім, Төкенов мырза?
Толығырақ...