ШҰҒЫЛ! Өңірде коронавирустан 14 адам көз жұмды Толығырақ

Денсаулық министрі дабыл қағады

20:35, 21 шілде 2021

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Маңғыстау өңіріне жасаған жұмыс сапары барысында Ақтауда коронавирустық инфекцияға қарсы күрес жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді. Онда аймақтағы медициналық көмек көрсету мәселелері талқыланды және оларды жою бойынша ұсыныстар берілді. Маңғыстау облысы соңғы айда, өзге аймақтармен салыстырғанда коронавирустық инфекция жұқтырғандар мен инфекциялық төсек орындарының толу сыйымдылығы жағынан алға шыққан.

Осы  жылдың шілде айының 16 мен 20 аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобымен Ақтау қаласындағы екі емханаға және үш инфекциялық стационарға жүрмелі мониторинг жүргізілген. 67 амбулаториялық карта және 31 ауыр хәлде жатқан 31 медициналық картаға талдау жасалған. Нәтижесінде емханаларда мобильдік бригадалардың жетіспеушілігі байқалып отыр, коронавирустық хаттамалардың клиникалық сақталмауы, амбулаториялық деңгейде иммуномодульдік негізсіз тағайындау орын алған, вирусқа қарсы және антибактериалды препараттар, коронавирустық инфекция жұқтырған науқастардың жағдайын динамикалық бақылау кезінде ұйымдастыру жұмыстарында бірқатар кемшіліктер болды.

«Маңғыстау өңіріндегі қазіргі ахуал дабыл қағатындай деңгейге жетіп тұр, себебі алдағы уақытта төсек орындарының тез толып қалуынан төсек орын қорының жетіспеушілігіне және тұрғындарға стационарлық көмектің қолжетімділігі төмендеп кетуі ықтимал», - деді өз сөзінде Алексей Цой.

Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдарға аталған проблемаларды шұғыл арада шешу жөнінде тапсырма берілді.

Тақырып бойынша материалдар

"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
20:18, 3 тамыз 2021
"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
Толығырақ...
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
20:18, 3 тамыз 2021
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
18:52, 29 шілде 2021
Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
Толығырақ...