ШҰҒЫЛ! Газ бағасы қымбаттады Толығырақ

Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

19:41, 27 қаңтар 2021

Облыста дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Сондай-ақ, дәріханаларда балаларға арналған кейбір дәрілер жетіспейді деген ақпарат жалған деп мәлімдеді облыстың медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлу Мұхамбетярова. Жергілікті бюджеттен бірінші кезектегі қажетті дәрілер мен медициналық өнімдерді алуға 300 миллион теңге қаражат бөлінген. Бұған қоса тауар жетіспеушілігінің алдын-алу үшін күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Ресми түрде тіркелген 400-ден астам дәріхананың 375-і жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік медициналық мекемелердің стационарына түскен науқастардан коронавирустық пневмония немесе коронавирустық инфекция анықталған жағдайда, 5 түрлі дәрі тегін беріледі.

Нұрсұлу Мұхамбетярова - Облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Бактериалдық препараттардың 250 мыңнан астам қорабы бар. Ең қажеттілерді айтып отырмын енді. Қызу түсіретіндер 300-ден астам қорабы бар. Қан сұйытатындар 8900 қорап қорда тұр. Жеткілікті. Бар. Гармоналдық препараттар 7000-нан астам қорабы қорда тұр. Витаминдер деген 130-дан астам қорабы бар. Жеткілікті.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген
20:49, 26 ақпан 2021
Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар