ШҰҒЫЛ! Даламыз күлге, қаламыз қоқысқа толды Толығырақ

Діни бірлестіктер клубы құрылды

20:28, 7 сәуір 2021

Енді Ақтаудағы діни-бірлестік өкілдері тұрғындардың діни сауаттылығын аттыруда бірлесе жұмыс істейтін болды. Бұл туралы бүгін облыстың дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов мәлімдеді.

Осы бағытта Маңғыстау облысының діни бірлестіктер басшыларының клубы құрылды. Құрылым жұмысы барысында дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланады. Бірлестіктер арасында өзара түсіністікті нығайту да көзделген. Клубқа Қазақстан мұсылман діни басқармасының, орыс Православие Шіркеуі, Рим католик шіркеуі сияқты бірқатар бірлестіктерден 11 қызметкер мүшелік етеді. Клуб мүшелері конфессияаралық қатынастарды дамыту мақсатында әр ай сайын бас қосатын болады.

Мақсатбек Маханбетов - облыстық дін істері басқармасының басшысы

Біздің тәжірибемізде мұндай клуб бірінші рет құрылып отыр. Бұл жоба ұзақ жылдарға жасалады. Негізгі жауапкершілік Қазақстанға жетекші дәстүрлі діндер - олар ислам мен православиеге жүктеледі. Сондықтан және бұл ретте басқа да клубтардың барлық мүшелері үшін басқа да конфессиялардың арасындағы теңдік сақталады.

Александр Калиновский - «Қасиетті Исус жүрегі» римдік-католиктік діни бірлестігінің төрағасы

Клубтың құрылғанына өте қуаныштымын. Біз үшін бірлестіктер арасындағы қарым-қатынас өте маңызды. Діни ұйымдардың мәселелерін бірге талқылауға, шешім табуына мүмкіндік береді деп ойлаймын. Алдағы уақытта осы клуб арқылы діни бірлестік өкілдерімен бірлесе жұмыс істейміз деген сенімдемін.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
19:22, 9 сәуір 2021
Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
Толығырақ...