
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы жастарға қолайлы болып тұр. Биыл осы бағдарлама аясында Жаңаөзен қаласына қарасты ауылдарға жіберілген отыз жеті жас маман көтерме жәрдемақы алған. Мамандығын меңгеріп, дипломын қолына алған жастарды ауылдың өсіп- өркендеуі жолында еңбекке тартып, ынталандыру үшін- бұл бағдарламаның септігі мол,-дейді мамандар.