ШҰҒЫЛ! 120 домбырашы Абай әндерін орындады Толығырақ

Әбіш Кекілбаев "Адалдық алаңында"

20:29, 19 қазан 2021

"Адалдық сағатының" кезекті саны заманымыздың заңғар жазушысы, Алаштың абыз ақсақалы, жазушы Әбіш Кекілбаевқа арналды. Оны ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Әбіш Кекілбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесіп дайындады. Әбіш Кекілбаев қазақ ұлтының руханиятында өшпес із қалдырған ерекше тұлға. Бала кезінен әдебиет пен өнерге ұмтылған Әбіш сөз зергерлігімен қатар қоғамның рухани өмірін байытты. Шығармашылығы арқылы ұлтты сұю мен ұлтқа қызмет етудің, ұлтты аялау мен ұлтты асқақтатудың үлгі-өнегесін танытты. Азамат ретінде замандастары мен қаламдастарына, достары мен оқырмандарына адалдықтың өлшемін көрсетті. Саналы ғұмырын елі мен жеріне арнаған Әбіш жаңа мемлекет тұсында да маңызды қызметтерді абыроймен атқарды. Осы бейне-дәріс арқылы Әбіш Кекілбаевтың өмір жолы мен азаматтық ұстанымдары, еңбексүйгіштігі, елі үшін атқарған қызметі жастарды адал, әділ, отансүйгіш, әрі ұлтжанды болуға үндейді деп сенеміз,- дейді ұйымдастырушылар.

Тақырып бойынша материалдар

Telegram чат арқылы мәселесі шешілген Ақтау қаласының тұрғындары алғыс білдіруде
18:23, 30 қараша 2021
Telegram чат арқылы мәселесі шешілген Ақтау қаласының тұрғын...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тәртіп сақшылары мұқтаж жандарға қан тапсырды
18:32, 26 қараша 2021
Тәртіп сақшылары мұқтаж жандарға қан тапсырды
Толығырақ...