ШҰҒЫЛ! Даламыз күлге, қаламыз қоқысқа толды Толығырақ

Екі айда 44 өрт оқиғасы

20:16, 2 наурыз 2021

Өңірде екі айдың ішінде 44 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл былтырмен салыстырғанда 4 пайызға көп. Өртте бір адам қаза тауып, біреуі жарақат алған. Ал, газдан улану салдарынан 2 адам көз жұмып, 2 адам жарақат алды. Газдан уланудың себептері қандай? Неге қайғылы оқиға жиілеп кетті?

Сағира Өтепқызы - тілші

Тұрғындардың ең көп жіберетін қателігі - жылу қазандықтарының үйде орналасуынан. Талап бойынша қазандық сыртта болуы керек. Яғни, құбырдан шыққан газ далаға кетеді. Ал, жылу қандығы үйде болған жағдайда газ ішке тарап, адамдардың уланудан көз жұмуының басты себебі осы - дейді мамандар.

Азамат Құлманов - аудандық ТЖБ бастығы

Ал, жылу қазандығы үйде болған кезде, оған газанализатор орнатылу керек. Сонда трубадан улы газ шыққан кезде, осы датчик арқылы тоқтатылады.

Жылыту маусымына дайындық барысында төтеншеліктер халықтың әлеуметтік аз қамтылған 3 мыңнан астам үйін аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, 625 үйден 749 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғандығы анықталыпты. Күні кеше Жаңаөзенде екі адам газдан уланып қайтыс болды. Себеп-салдарын анықтаған мамандар былай дейді:

Мұрат Мұханов - облыстық ТЖД бастығы

Кеше, Жаңаөзенде болған жағдайға байланысты жылу құбырын қолдан жасаған. Ол, тіпті өрт қауіпсіздігінің талаптарына келмейді. Ондай жұқа құбырлар арзан бағамен базарларда сатылады. Сондықтан, тұрғындарды аса сақ болауға шақырамыз.

Төтеншеліктер апаттың айтып келмейтінін дабыл қағып айтуында кем жоқ. Газдан уланудың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстарымен қоса, газталдағыш құрылғысын орнатып жатыр. Жылыту маусымы басталғалы жағдайы төмен 500 отбасының үйіне осындай құрылғы орнатып, тағы 300-н Қарақия ауданындағы үйлерге қондыру  жоспарланып отыр.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
19:22, 9 сәуір 2021
Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
Толығырақ...