ШҰҒЫЛ! Даламыз күлге, қаламыз қоқысқа толды Толығырақ

Екі бірдей ауылды құм басып жатыр

20:50, 8 сәуір 2021

Өңірде Сазды және Жарма деген 2 бірдей ауылды құм басып жатыр. Салдарынан елді-мекендердегі мал қоралар мен кейбір баспаналар топырақтың астында қалған. Тұрғындар табиғи апатпен өз бетінше күресіп, қыруар қаржыға құмды жылына 1 рет күретеді. Алайда, соңғы жылдары құм көшкіні үдеп, ауылдықтарға игертпей барады.

Аягөз Оралбайқызы - тілші

/20 шақты үй, 100 ге жуық тұрғыны бар Жарма ауылын құм басып жатыр. Егер дер кезінде тоқтатпаса, ауыл түгелдей құмның астында қалу қаупі бар. Себебі, мына үйілген құм бұған дейін 1 шақырым қашықта болатын. Бүгінде жылдан-жылға жылжып, ауылдың іргесіне жетті. /

Тиін Балмырзаева күні кеше бір бейнеттен аман қалды. Құм басқан қораның бір қабырғасы құлап, шатыры ортасына түскен. Абырой болғанда, отанасы сыртта жүрген. Ал, оның көршісі осындайдан қауетерленіп, жуырда ауылдан көшіп кеткен.

Тиін Балмырзаева -  Жарма ауылының тұрғыны

/бұлардың да қорасы, міна жердегі сарайын да құлатып кетті. Ана 10 тонналық емкосты құмның астында жатыр. Мынау бұрынғы қорасы оның бәрі құмның астында қалды. Жолдар да қиын үй айналасын көміп тастайды. Қазір бүгін келе алған машина мысалы ертең келе алмайды./

Тұрғындардың айтуынша, ауылдың айналасын осыдан 25 жыл бұрын  құм ала бастаған. Содан бері жылына бер рет тазалатып келеді.

Алдаберді Ақшабаев - Жарма ауылының тұрғыны

/мен 100 мың теңге мен 1 тай бердім. 2 күн қорамның айналасын тазалап берді. Құмның іргесінде басытып қалған зат көп. Ана жақта қойдың қорасы болған құмның шешінде соны қазір құм басып қалды./

Жармадан 20 шақырым жердегі Сазды ауылында да дәл осы жағдай. Ал, оның қасындағы 4-5 үйлік Сауысқан елді-мекені де құмның құрсауында. Осы ауылдардағы құм көшкінін тоқтату үшін бұдан 3 жыл бұрын 422 млн теңгенің жобасы әзірленді. Бірақ, әлі күнге қаржыландырылмай отыр.

Ербол Денов - облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы

/біз жоба дайындап, қаражат сұрап отырмыз жыл сайын. Бұл приоритетке жатпай ма, бұл жерде комиссия шешеді оны. Бірақ біз жылда 19 да,20 да,21 де сұрадық өкінішке қарай қолдау таппады. Биыл біз одан қоймаймыз тағы да келесі жылдан сұрап көреміз енді.  /

Мамандар 6 жылға жоспарланған дайын жоба құмды тоқтататынына сенімді. Себебі, тап сондай жоба Ұштаған ауылында жүзеге асып жатыр. Мұнда 5 жылда 1300 гектар жерге егілген сексеуіл мен жыңғыл құмның көшуін тежеді.  

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
19:22, 9 сәуір 2021
Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
Толығырақ...