ШҰҒЫЛ! Даламыз күлге, қаламыз қоқысқа толды Толығырақ

Екі егу бөлмесі ашылды

20:45, 6 сәуір 2021

Ақтауда тағы екі екпе кабинеті ашылды.Олар: 34-шағынаудандағы “Достық” үйі мен 17 шағынаудандағы “Ясин” медициналық орталығында орналасқан. Қазір ковидке қарсы екпе салдырам дегендердің қатары өсіп, қарасы көбейген. Бұл екпе кабинеттері халық сұранысын қанағаттандырып, кезек тудырмауы үшін ашылды. Көпшілік тарапынан қолдау тауып отыр.

Ақтау қаласының тұрғыны Қамқа Күмісқалиева індеттің қауіптілігін жақсы біледі. Өйткені осы аурудан өткен жылы өзі де мұрттай ұшты. Вирустың үйрілген бұлттай әлі сейілмегенін біледі. Қорқады. Бүгін өзі мен айналасының амандығы үшін жаңадан ашылған жерге екпе алуға арнайы келген.

Қамқа Күмісқалиева - қала тұрғыны

Вирус өте қорқынышты. Жақындарамызға қорқамыз. Сондықтан осы вируспен өзіміз күресіп жеңіудің бірден -бір жолы -екпе  алу. Сол үшін мен жаңа екпе салдырдым. Жағдайм жақсы, өзімді жақсы сезініп тұрмын. Барлық қала тұрғындарын алуға шақырамын.

Қаладағы нөмірі екінші емханада 3-ші ақпаннан бері 965 адамға "Спутник ви" екпесі салынған. Екпе салдырсам деген халықтың нөпірі көбейіп, кезек күткендер қатары артқан. Кезек  мәселесін шешіп, көпшілікті көп шоғырландырмау үшін "Достық үйінен" егу кабинеті қалалық емхананың бөлімшесі ретінде ашылды. Халық қатары артқан жағдайда дәл осы жерден тағы екі кабинет әзір тұр.

Ардақ Ибрашева - қалалық емхананың эпидемиолог дәрігері 

Өз еркімен алғысы келетін адамдардың көптігіне байланысты бүгінен бастап қалалық емханасы бүгінен бастап жұмысымызды бастадық. ОСында екпе алғысы келетіндер тегін екпе ала алады. Бүгін біз бірінші компаненттен 100 доза алып келдік. Ол азайған жағдайда орнын толтырып әкеле береміз.

Енді бұл кабинеттерден кез келген қала тұрғыны таңғы 8-30 дан бастап келіп екпе салдыра алады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
19:22, 9 сәуір 2021
Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
Толығырақ...