ШҰҒЫЛ! Ақтауда 200 ге жуық үлескер 2 жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүр Толығырақ

Әкімдіктегілер апатты үйдің тұрғындарын көшіруге асықпай отыр

18:18, 28 қыркүйек 2021

Ақтаудағы 3 ші шағын аудан тұрғындары өмірі үшін алаңдайды. Өйткені, 60 жыл бұрын салынған үйлердің тозығы жетіп, қабырғасы сөгіліп, құлағалы тұр. Жағдайы жеткендер бұл үйлерден көшіп кеткен. Ал, апатты деп танылған мына үйде тек зейнеткерлер, жағдайы төмен отбасылар мен көп балалылар қалыпты.

60 жыл бұрын құрылысшылар үшін берілген 71,72 үйлердің тұрысы мынау. 32 пәтерлі қос үйдің қазір жартысында адам тұрмайды. Ағаштан жасалған баспалдақтар құлап, үйдің қабырғасы қақырап тұр. Жақында бетоннан жасалған үйдің төбесі құлап, абырой болғанда жардап шеккендер болмаған - дейді Бекболат Қыдырбаев. Ол бұл үйдің байырғы тұрғыны. 30 жылдан бері осы жерде тұрады. Қазір 2 бөлмелі пәтерді 8 адам паналап отыр. Жыл сайын Үкіметтен үмітін үзбей жаңа баспанасын күтуде.

Бекболат Қыдырбаев - 3 ш/а аудан тұрғыны

Тұрсынай Ақжігітова осыдан бірнеше жыл бұрын Өзбекстаннан келген. Осы үйден пәтер жалдап отыр. Зейнеткердің айтуынша, 1 бөлмелі пәтерде 8 адам тұрады. Тұрғын үй деп айтуға қиын пәтерлердің сиқы сын көтермейді. Едендері көтеріліп, қабырғалары көгеріп тұр. Бұдан бөлек, тұрғындар үйдің қабырғасын сыз тартатынына шағымданады.

Тұрсынай Ақжігітова - 3 ш/а аудан тұрғыны

Апатты үйлердің тұрғындарын көшіру туралы шешім 2014 жылы қабылданған болатын. Тұрғын үй комиссиясының шешімімен 3-ші шағынауданда 15 үй апатты деп танылған. Ол кезде ол жерде 500 -ден астам адам тұратын. Қазір тек №71,71 үйлер апатты күйде. Тұрғындарды бұл жерден көшіру мәселесін жергілікті билік былтыр айтқан еді. Одан кейін уәденің мерзімі мамыр айына ауыстырылған. Бірақ, әзірге еш нәтиже жоқ.

Айбек Ербөлеков -  қалалық түкш бөлімінің сектор меңгерушісі

Бұл жолы да  тұрғындарға уәде берілді. Жаңа үйдің құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Қалалық әкімдіктегілер уәделеріне қаншалықты берік екенін уақыт көрсетеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Жалған вакцина құжатын жасатқан әйел көз жұмды
18:32, 15 қазан 2021
Жалған вакцина құжатын жасатқан әйел көз жұмды
Толығырақ...