ШҰҒЫЛ! Даламыз күлге, қаламыз қоқысқа толды Толығырақ

Әлемге танытқан археологиялық мекендер

20:50, 8 сәуір 2021

Маңғыстауда соңғы 5 жылда әлемдік деңгейдегі екі археологиялық жаңалық ашылды. Алғашқысы-Алтынқазған жерінен табылған біздің дәуірімізге дейінгі 1-6 ғғ. үлкен діни-қабірлеу кешені. Онда зәрдүш және ежелгі көшпенділер дәстүрінде жерлеу рәсімдері өткізілген. Тарихшылардың мәлімдеуінше, кешен өткен ғасырларда қатты тоналған. Алайда, зерттеу жұмыстарының арқасында археологтар элиталық құрбандықтар бөлігін тапқан. Оның ішінде түрлі әшекейлермен әсемделген жүген бар. Шеберлер жүген асыл тастармен көмкерілген. Кәріптаспен әшекейлеген екен. Бұл жәдігерлер ғұн мәдениетіне жататыны анықталған.

Ал, екінші жаңалық ол - осыдан үш жыл бұрын Қарақабақ шатқалында теңіз жағасында орналасқан үлкен бекіністі мекен. Алдын ала зерттеулер бойынша  оның біздің дәуірімізге дейінгі 1-ғасырда хорезмдіктер салған сауда-қолөнер факториясы екені көрсетілген. Кейін ғұн дәуірінде 4-5 ғғ.аяғында қаланы жартылай отырықшы көшпенділер жайлаған. Қаланың сауда және қолөнер орталығы ретінде дамуы да осы кезең.

Андрей Астафьев  - археолог

 Көптеп табылған монеталар Қытай, Бұхар Соғдысы, Ежелгі Хорезм, Парфия және Сасандық Иранмен сауда байланысында болғанын көрсетті. Византия монетасының табылуы Каспий мен Қара теңізді Еділ мен Жайық өзендері арқылы жалғаған су жолы болғанының дәлелі. Қарабақ қалашығы Ұлы Жібек жолының Солтүстік құрлықтық-теңіз тармағының болғанын және оның осыдан 2000 жыл бұрын Маңғыстаудың үстімен өткенін дәлелдейтін тарихтағы алғашқы материалдық куә! Бұл - әлемдік деңгейдегі екінші жаңалық.

Қазба кезінде Қарақабақ қалашығындағы қабірде қолдан өзгертілген бірнеше бас сүйек табылды. Енді, облыстық тарихи-өлкетану музейінде Маңғыстаудың ежелгі тұрғындарының келбеті көрініс табуы үшін ғұн дәуіріндегі әйелдің бейнесін пластикалық реконструкциялау ұсынылып отыр. Ал, Маңғыстауда бұл жәдігерлеріне әлем археологтары қызығушылын танытып, олар тіпті фильм жасап үлгерген. Францияның «Пернель медиа» продюсерлік компаниясы ғұндар тарихы жөнінде фильм түсірді.

Андрей Астафьев  - археолог

 Ғұндарға қатысты ескерткіштерді зерттеу жөніндегі түсірілімдер Алтынқазғанда жүргізілген. Фильмнің тұсаукесері француздың «Франс 5» және америкалық «Дискавери сайнс» арналарында көрсетілген. «Виасат Хистори» телеарнасында орыс тіліндегі нұсқасы көрсетіліпті. Алдағы уақытта Алтынқазған діни-қабірлеу кешеніндегі зерттеу нәтижесі бойынша ғылыми еңбек жазып, шығару жоспарланып отыр.

Сағира Өтепқызы-тілші

Жаратқан осы бір құлазыған дүниені шектен шыға таңдандыру үшін жаратқандай. Қиялда ғана болатын қиян өлкеге таңданатындар да, тамсанатындар да көп. Тұмса табиғаты - тұнған тарих, сырға толы шежіре. Көне мәдениет­тің куәгері болған Маңғыстау осы ашылған археологиялық мекендер  мен елімізді әлемге танытты, таныта да бермек - дейді жиынға қатысқандар.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
19:22, 9 сәуір 2021
Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
Толығырақ...