ШҰҒЫЛ! Өңірде коронавирустан 14 адам көз жұмды Толығырақ

"Еңбек" бағдарламасына қатысатындар көбейіп келеді

20:15, 22 шілде 2021

Өңірде "Еңбек" бағдарламасы қолға алынғалы 400-ге жуық адам қоныс аударды. Олар осы жоба арқылы Қостанай, Солтүстік және Шығыс Қазақстан сияқты аймақтарға жұмысқа орналасты. Бағдарламаға қатысушылар саны жыл сайын артып келеді дейді мамандар.

Әсет Шопанов - облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасы басшысының орынбасары

Осы бағдарлама іске қосылғалы қарастырсақ, көбейіп келе жатыр. Бірақ былтыр пандемия жағдайына байланысты төмендеп кеткен болатын. Бірақ көбейеді деп ойлаймын. Себебі, осы біздің Маңғыстау облысынан көшіп барған азаматтарымыз сол жерге барып, табиғатын, ауа-райын қарап орналасқаннан кейін өзінің дос-жарандарын, тумаластарын шақырады деген ой бар. Бұл бағдарлама жақсы көрсеткіштерге жететін болады. Бірақ сәл уақыт керек болады.

Бағдарлама аясында мамандар тапшылығын азайту үшін қазір облыста түсіндіру шаралары жүріп жатыр. Мақсат - мамандар тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету. Мәселен, еңбек күші төмен өңірлердің бірі Павлодарда 3 мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Яғни, білім беру, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларында кадр жетіспейді. Осы бағытта мемлекет тарапынан бірқатар қолдау көрсетіледі.

Меруерт Есембаева - Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасы көші-қон бөлімінің басшысы

Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау көшуіне және тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беруді қамтиды. Көшуге субсидия - әрбір отбасы мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет берілетін қаражат биылғы жылы соммасы 204 мың теңгені құрайды. Мамандығы жоқ отбасы мүшелеріне арнайы орта біліммен қамтылып, нәтижесінде жұмысқа орналастырылатын болады. Сонымен қатар есере кететін бір жай, облысымызда бүгінгі күні «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қоныс аударып мемлекеттік жалдамалы үй алғысы келетін отбасыларға ұсынуға дайын 57 бос үй бар.

"Еңбек" бағдарламасына қандастарда қатыса алады. Қатысушылар мен олардың отбасына материалдық көмек жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі. Айта кетейік, 2020 жылы өзге өңірлерге Маңғыстаудан 47 адам қоныс аударса, 2021 жыл басталғалы бері облыстан 20 адам көшкен.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
20:18, 3 тамыз 2021
"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
Толығырақ...
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
20:18, 3 тамыз 2021
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
18:52, 29 шілде 2021
Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
Толығырақ...