ШҰҒЫЛ! 17 кәсіпорынға айыппұл салынды Толығырақ

Еріктілер көмектесті

19:17, 3 маусым 2021

Жағымды жаңалық. Ақтаулық бір топ волентерлар көпбалалы отбасының пәтерін жөндеп берді. Жалғызбасты ана Ирина Маринконың үйінде осы уақытқа дейін жылу болмаған еді. Ол шиеттей бала-шағасымен бірге қабырғасы сыз тартқан аядай бөлмеде тұрып келді. Оның үстіне 18 жасар қызы да ауыр дертке шалдыққан. Жалғызбасты ананың жағдайынан хабардар болған еріктілер бірден қаражат жинап,көмек қолын созды.

Ирина Маринко - бес баланың анасы. Ол он жыл бойы Атамекен ауылындағы тозығы жеткен пәтерде тұрып келді. Қазір оның үйіне көгілдір отын қосылып, жылыту  қазандығы  орнатылды. Еріктілер тіпті, жаңа жиһаз алуды да ұмытпапты.

Ілгек Бабаева - ерікті

Қиын жағдайдағы бес балалы анаға көмектестік. Біз бұл үйдің документтерін реттедік. Газ қондырдық. Қысымен өте салқын жерде өмір сүрген. Отоление сондай нәрселерінің бәрін құрып бердік. Өте қуаныштымыз осындай істі атқарғанымызға.

Бұл игі іске жиырмаға жуық ерікті ат салысты. Бас-аяғы бір жарым ай ішінде көпбалалы отбасының үйі жаңа қонысқа айналды. 

Данил Снатович - ерікті

Аударма. Жөндеу жұмыстарын жасау оңайға түспеді. Өйткені, баспана апатты жағдайда болды. Соған қарамастан үйді толықтай қалпына келтірдік. Ең маңыздысы ауызбіршілігіміздің арқасында мақсатымызға жеттік.

Ғалымжан совет - ерікті

Осы отбасыға көмектесу үшін жиырмаға жуық волонтер жиналдық. Барлығына алғысым шексіз. Жақсылық жасаудан жалықпауымыз керек деп ойлаймын.

Осылайша Маринколар әулеті ерекше қуанышқа бөленді. Жастардың жәрдеміне риза болған ана ақжарма алғысын білдірді.

Ирина Маринко

Маған көмектескен жандарға алғысым шексіз. Қатты толқып тұрмын. Отбасымызға қуаныш сыйлаған барлық үлкен-кішіге рахмет айтамын.

Сонымен қатар, қайырымдылық тобы 4 жыл бұрын бас-сүйек жарақатын алған Иринаның үлкен қызына медициналық пластинаны алуға да қол ұшын созды. Енді оған квота арқылы операция жасалмақ.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
19:48, 17 қыркүйек 2021
Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
Толығырақ...
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
19:48, 17 қыркүйек 2021
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
17:47, 13 қыркүйек 2021
Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
Толығырақ...