ШҰҒЫЛ! Қылмыстық іс қайта қозғалды Толығырақ

Есірткі сатпақ болғандар ұсталды

19:17, 7 сәуір 2021

Ақтауда бірнеше тұрғыннан есірткілік заттар табылды. Полицейлердің жүргізген тексеріс нәтижесінде қала тұрғынан салмағы 30 грамм шығатын есірткі шықты. Сонымен қатар салмағы 2 грамм «героин», 1 дана «ПМ» маркалы тапанша және 2 дана тапаншаның оқ-дәрісі, 1 дана «Стражник» маркалы тапанша, оның 9 дана оқ-дәрісі, 3 дана қолдан жасалған пышақ, сондай-ақ салмағы 5 келі бекіре балығының 4 данасы анықталды. Тексеріс кезінде 60 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы қолға түсті. Тексеріс кезінде одан 1 дана «ОСА Лазер» маркалы тапанша, 3 дана оқ-дәрі, 1 дана қолдан жасалған пышақ тәркіленді.

Әйгерім Ибатуллаева - МО ПД ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі бастығының м.а

Тергеу  нәтижесі бойынша, ұсталған азамат Ақтау қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал шетелдік азамат қазіргі уақытта қабылдау-тарату орнына орналастырылды. Аталған қылмыстық іс бойынша сот-баллистикалық сараптама тағайындалып, қосымша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...