ШҰҒЫЛ! 120 домбырашы Абай әндерін орындады Толығырақ

Әскери полигонда атысып жарыспақ

18:32, 15 қазан 2021

"Оймаша" әскери полигонында теңіз жаяу әскерлері құрлық әскерлерінің бөлімшелері арасында өтетін "Мерген батальон" атты жарысқа дайындалуда. Теңізшілер мұндай жарыстарда алдына қара салмайды, бірақ әр жарысқа тыңғылықта дайындалу керек. Олар мұны әсте жадынан шығармайды. Дегенмен бап шаба ма, бақ шаба ма, уақыт көрсетеді. Әзірше, олар күн сайын жаттығу жасап жатыр. Теңіз жаяу әскерлері штаттық атыс қаруларынан, гранатометтерден, зениттік қарулардан, минометтерден және БТР-80 және Т-72 әскери машиналарынан бақылау атыстарын орындайды. Олар сондай-ақ, қаруды бөлшектеу және жинау, химиялық қорғау, әскери-медициналық дайындық және байланыс құралдары жөніндегі нормативтерді пысықтайды. Айта кетейік, өткен жылы Маңғыстау теңіз жаяу әскерлері құрлық және танк әскерлері арасында 1-орынды иеленген болатын. Бұл жолы жарыс 18-20 қазан аралығында өтіп, Қазақстанның Құрлық әскерлерін тексеруді аяқтайды.

Тақырып бойынша материалдар

Telegram чат арқылы мәселесі шешілген Ақтау қаласының тұрғындары алғыс білдіруде
18:23, 30 қараша 2021
Telegram чат арқылы мәселесі шешілген Ақтау қаласының тұрғын...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тәртіп сақшылары мұқтаж жандарға қан тапсырды
18:32, 26 қараша 2021
Тәртіп сақшылары мұқтаж жандарға қан тапсырды
Толығырақ...