ШҰҒЫЛ! Салық төлемесең, көлігің қамалады Толығырақ

Ескерткіш орнатылды

19:08, 8 сәуір 2021

Биыл Тәжік-Ауған шекарасында болған қақтығыстың аяқталғанына 20 жыл. Мерейтойға орай Жаңаөзен қаласында ескерткіш орнатылды. Салтанатты шара ұйымдастырылып, лентасы қиылды. Жиынға қатысушылар жат елде оққа ұшқан жауынгерлерді еске алып, сол кездегі бастан-кешкен оқиғаларымен бөлісті.

1993-2001 жылдар аралығында болған қарулы майданда шекараны өз еліндей күзетіп, әскери тапсырманы бұлжытпай орындаған жауынгерлердің еңбегі ерен. Олардың ерлігі ешқашан ұмыт қалмақ емес. Шарада бітімгершілік операциясы кезінде мерт болған батырларға тағзым ретінде 1 минуттық үнсіздік жарияланды.

Бірнеше жылға созылған шекара қызметіне Маңғыстау облысынан 223 жауынгер қатысса, оның ішінде 42 азамат жаңаөзендік болатын. Тәжікстанда болған азаматтық соғыста, ол елді бөтенсінбей, шекарасын заңсыз қаруланған топтардан құрылған жаудан қорғай білген ардагерлер жастарға үлгі екені сөзсіз. Қала әкімінің орынбасары Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қатар келген мерейтойда ардагерлерді құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Жаңабай Аймағанбетов - Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары

«Құрметті жерлестер! Осы сәтті пайдалана отырып, барша ардагерлеріміздің дендеріне саулық, бастарына амандық,жанұяларына ынтымақ тілеймін! Абыройларыңыз асқақтай берсін! Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Тәжік-Ауған соғысында ерен еңбек еткен ардагерлеріміздің рухына арналған еңселі ескерткіштің ашылуы құтты болсын»

Ескерткіштің лентасы қиылып, ел игілігіне берілді. Жиын қонақтары гүл шоқтарын қойысты. Мүсінніңқаламыздағы жастар аллеясынан орын тебуінде үлкен мән бар. Мақсат - өскелең ұрпақ ұрыс тарихынан хабардар болып, аға буынның ерлігінен өнеге алсын деген ниет. Себебі, патриоттық сезім, Отанға деген махаббат әрбір жастың бойында болуы тиіс қасиет.

Әбдірашид Ниязов - «Қарабах» бітімгершілік төрағасы

«Қақтығыстың 20 жылдығына монумент тұрғызып жатырсыздар, оңынан болсын! Қадірлі ардагерлеріміздің еңбектері зор. Осындай жастарға үлгі беретін өнегелі іс жасап жатсыздар! Сәтті болсын барлығы!»

Шара шеңберінде ескерткіштің бой көтеруіне ат салысқан тұлғалар мен ардагерлер марапатталды. Оларға алғыс хаттар пен медальдар табысталды. Қаруластар енді қайтіп ұрыс болмай, аспанымыздың ашық болуын тіледі.

Тақырып бойынша материалдар

66 миллион теңгеге салынған 3 бірдей дәрігерлік пункт қаңырап бос тұр
20:38, 16 сәуір 2021
66 миллион теңгеге салынған 3 бірдей дәрігерлік пункт қаңыра...
Толығырақ...
Айтулы жүйрік сен едің, алдыңа қара салмаған
19:46, 16 сәуір 2021
Айтулы жүйрік сен едің, алдыңа қара салмаған
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Балықшылар еріккеннен ереуілге шықпайды
20:31, 13 сәуір 2021
Балықшылар еріккеннен ереуілге шықпайды
Толығырақ...