ШҰҒЫЛ! Даламыз күлге, қаламыз қоқысқа толды Толығырақ

Газ бағасы қымбаттады

19:05, 26 ақпан 2021

Ақтауда сұйытылған мұнай газының бағасы қымбаттап кетті. Кешеден бастап бекеттерде газдың литрі- 62 теңгеден сатылған. Ал, бүгін басым бөлігі 65 теңгеге көтеріп жіберді. Бағаның өсуі көлік жүргізушілердің қалтасына салмақ салып отыр. Жергілікті атқа мінерлер мәселеге қанық. Айтуларынша, бағаның өсуіне бірнеше фактор әсер етті. Біріншіден, өңірге Атырау мұнай өңдеу зауытынан тасымалданатын газ қымбат бағамен келіп жатыр. Екіншіден, облыстағы Қазақгазөңдеу зауытының өнімі электронды сауда алаңында сатылуда. Ал, облыста газдың литрін 50 теңгеден асырмау жөніндегі министрліктің бұйрығы наурыздың 1-нен бастап күшін жояды.

Бауыржан Ерпан - облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бас маманы

Қазақгазөңдеу зауыты шығаратын өнімнің 35 пайызы электронды сауда алаңдарында сатылады. Және ол ай сайын өсіп келеді. Жыл аяғына дейін 100 пайыз өтеді. Яғни бұл жерде баға өсуі болжануда. Қазіргі таңда 70 болса, 80-90 ға дейін баруы мүмкін.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
19:22, 9 сәуір 2021
Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
Толығырақ...