ШҰҒЫЛ! Даламыз күлге, қаламыз қоқысқа толды Толығырақ

Халық үшін қолайлы жер

19:17, 7 сәуір 2021

Бүгін Ақтау қаласының 34 шағын аудандағы қан орталығынан тағы бір екпе кабинеті ашылды. Қан орталығы-халық үшін қолайлы жер, айналасы әлеуметтік нысандар. Тұрғын үйіміз де тиіп тұр дейді қарапайым тұрғындар. Күн санап екпенің мәні мен маңызын түсініп келе жатқан қалалықтар бүгін де шараға белсене қатысты. Алғашқы сағаттарда ақ 15 адам вакцинациялаудың бірінші кезеңінен сәтті өтті. Жаңа егу пунктінің жұмысымен танысып қайтқан әріптесім Мөлдір Батырбай айтып береді.

Ақтау қаласының тұрғыны Сергей Гагарин екпе алуға қан орталығына арнайы келіпті. Себебі өткен жылы ет жақын туыстары қауіпті вируспен бетпе-бет келген. Тіпті туған ұлы да қатерлі індетпен апталап ауырған. Сондықтан ковидтің қауіптілігін біреуден естіп емес, өз басынан өткерген. Бүгін ол өзі мен жақындарының саулығы үшін вакцина салдырды.

Сергей Гагарин - қала тұрғыны

Өзім спортпен айналысамын. Зиянды, жаман  әдеттерден аулақпын. Иммунитетім жоғары деп есептеймін. Соған қарамастан вакцина алдым. Өйткені, денсаулығым бірінші орында. Ауырғым келмейді.

Вакцина салдырғандардың алдыңғы қатарында дәрігерлер де болды. Олар облыстың әр ауданында егу пункттерінің көбейгені халық үшін тиімді болып тұр - дейді.

Нұрлан Жақиев - облыстық перинаталдық орталығының бөлім меңгерушісі

 Бүгін осы егу пунктінің ашылғанын естіп, бірден келдім. Перинаталдық орталыққа өте жақын орналасқан екен. Екпе алуға бар жағдай жасылыпты. Мейірбикелер де тұрғындардың денсаулығы үшін барын салып жұмыс жасап жүр.

Иә мұндағы дәрігерлер екпе алушыларға үздіксіз қызмет етеді. Қан қысымын, дене қызуын өлшеп, жүрек қағысына дейін тыңдап, тұрғындар денсаулығын жіті қадағалайды. Терапевт маманның айтуынша, вакцинаның екінші дозасын бірінші вакцинациядан кейін 21 күннен соң егіледі. Вакцина алған соң бір апта ішімдік ішуге тыйым салынады. Вакцина егілгеннен кейін 42 күн ішінде жүктілік болмауы тиіс.

Гүлбақыт Отарова - дәрігер-терапевт

Жүрегін тыңдап, өкпесін тыңдап, почкасын барлық жүйе бойынша, пропедевтика өткіземіз. Содан кейін прививка алуға қарсылығым жоқ деген құжатты толтырып болғаннан кейін егу бөлмесіне барады. Егу бөлмесінде егу салынады да, сосын жартты сағатқа дейін біздің бақылауымызда болады.

Жансая Алтынбек - эпидемиолог-аудит дәрігер

Қазір бізде дәрігеріміз бар. Дәрігердің көмекші медсестрасы бар қасында мейірбикесі және егу пунктінде отыратын, вакцина салатын екі мейірбикеміз бар. Біздің пункте бір күнде 60 адамға дейін салыну керек. Сол дозаны біздер холодильнигімізде сақтаймыз. Артылғаны тұра береді. Алмағаны.

Мөлдір Батырбай - тілші

Бүгінде Маңғыстау облысы бойынша 17 екпе алу пункті жұмыс істеп тұр. Ал қазір біз тұрған облыстық қан орталығында тек қала емес, сонымен қатар, аудан, ауыл тұрғындары да таңғы сағат 9-дан бастап келіп екпе салдыра алады. Айта кетейік, вакцинациялау науқаны басталғаннан 4815 ресейлік "Sputnik V" вакцинасын салдырған.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
19:22, 9 сәуір 2021
Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
Толығырақ...