ШҰҒЫЛ! Президент тапсырмасын орындауға қатысты міндеттер жүктелді Толығырақ

Ираннан 53 қандас елге оралды

19:10, 15 қыркүйек 2021

Иран Ислам Республикасынан 53 этникалық Қазақ оралды. Оның 25-і бала. 20 отбасы бар. Арнайы ұшақ бүгін таңда Ақтау әуежайына қонды. Атажұртқа келген көш Сыртқы істер министрлігі мен елдің Ирандағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Отандастар қоры» және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі де ат салысты. Толығырақ қандастармен тілдесіп қайтқан тілші бейнематериалында.

Бұл Иранда туып, сонда өскен қандастар. 53 қазақ. Араларында құндақтағы сәби де, қарт әжей де бар. Тарихи Отанына аяқ басқан олардың қуанышында шек жоқ. Солардың бірі - Нәджип Қазақ. Ол Иранның Бендер-Торкеман қаласынан келді. 34 жыл дегенде жанұясымен бірге туған жерге табан тіреді. Енді бар тілегі - ұл-қыздары тарихын біліп, ана тілін ұмытпаса екен, - дейді.

Нәджип Қазақ - қандас
Өз елім маған қатты бір күшті орын. Бала-шағамды қатаймай жатып осы жерге қосайын, өз тілін жоғалтпасын, өз қанын жоғалтпасын, сіңсін өз еліме деп арнап келдім осы жерге. Қуаныштымын енді. Жас жиналып тұр көзге. Сау болсын біздің патшамызға. Бізді өйстіп алыс жолдан шақырып жатыр. Қызмет етіп жатыр бізге. Біздің еліміз өсіп-өніп, алдыда жүрсін. Алға, Қазақстан!

Өңірге келген қандастар қатарында Хадиша Қазақ та бар. 22 жыл бойы Боджнурд қаласында тұрған. Атамекенді аңсап, егемен еліне жеткен ол қуанышын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.  

Хадиша Адай - қандас
Өте қуаныштымыз. Сіздің өйстіп ыстық қабылдағаныңызға да ризамыз. Иран Республикасына да ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Біз деген азып-тозып, ата-бабаларымыз көшіп барғанда, жұмыс бабымен, үй бабымен бәрімен қамтып, бізді осы дәрежеге жеткізгеніне көп ризашылығымызды білдіреміз.

Қазір қандастарды солтүстік өңірге көшіру мәселесі қарастырылып жатыр. Ал әзірге олардың барлығы уақытша жатақханаға орналасады.

Әбілқайыр Байпақов - Ақтау қаласы әкімінің орынбасары
Ақтау қаласында қазір біз жатақханаға орналастырамыз. Ол жерде барлық жағдайлар жасалған. Яғни, жататын орындары, төсек орындары және де тамақпен қамтимыз. 2-3 күн осында Ақтау қаласында құжаттарын рәсімдейтін өзінің жұмыстары бар. Содан кейін Нұр-Сұлтан қаласына барады. Одан ары қарай Солтүстік Қазақстан облысына жол жүреді.

Жыл басынан бері Маңғыстау облысына 2500-ге жуық этникалық қазақ көшіп келген. 1598-сі Өзбекстаннан, 747-сі Түркіменстаннан, 81-і Ираннан оралған. Ал Ауғанстаннан - 8, Ресейден - 4, Қырғызстаннан - 4 адам облысқа қоныстанған. Барлығы да қандас мәртебесін алды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
21:44, 24 қыркүйек 2021
Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
19:54, 21 қыркүйек 2021
100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
Толығырақ...