ШҰҒЫЛ! Газ бағасы қымбаттады Толығырақ

Ішек тұмауына шалдыққандар көбейді

19:17, 22 қаңтар 2021

Жаңаөзенде ішек тұмауына шалдыққандар көбейді. Ауру - балалар арасында белең алған. Оның алғашқы белгілері іш өту, құсу, дене қызуының жоғарылауы - дейді мамандар. Жаңаөзенде балалардың бұл сырқатқа шалдығуы былтыр басталыпты.

Оля Багиеваның немересімен инфекциялық ауруханада жатқанына 3 күн болған. Алғашқы күндері кішкентайының жағдайы мәз емес еді.  Дене қызуы 38 градусқа көтеріліп, іші өтіп, құсқан. Үй жағдайында емдеу мүмкін болмағасын, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қазір баланың денсаулығы бірқалыпты.

Оля Багиева - қала тұрғыны

Былтыр инфекциялық бөлімде ішек тұмауымен 180 бала емделген. Биыл жыл басталғалы 150 баладан бұл сырқат анықталып, қазір барлығы құлан-таза айыққан. Ақхалаттылардың мәлімдеуінше, бұл ауру балаларға ауа тамшысы арқылы жұғады.

Асыл Табынбаева - қалалық көпбейінді аурухананың инфекция бөлімінің меңгерушісі

Дәрігерлердің айтуынша,сырқат 3-4 күнге дейін жалғасып, дене қызуы 39- 40 градусқа дейін көтеріледі. Мұндай кезде ата-аналар өз бетімен ем-дом жасамай, мамандардың көмегіне жүгінген абзал.

Тақырып бойынша материалдар

Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген
20:49, 26 ақпан 2021
Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар