ШҰҒЫЛ! Ақтауда 200 ге жуық үлескер 2 жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүр Толығырақ

Ішімдікке салынған ана

21:35, 24 қыркүйек 2021

Ақтауда ішкілікке салынып кеткен әйелдің баласына еріктілер алаңдап, дабыл қағуда. Айтуыларынша, 30 жастағы әйел қызын үйінде жалғыз, қараусыз қалдырады екен. Анасының қамқорлығынан ада қалған қызға бір жылдан бері еріктілер қамқорлық көрсетіп келеді. Ал, қалалық білім бөлімінің мамандары бұл оқиғаны жуырда ғана білген. Келесі бейнематериалда толығырақ.

Екі жасар Ира үнемі мас күйде жүретін анасын көріп өсіп келеді. Ал, кей кездері анасы оны құрбыларының үйіне тастап, ұмытып кететін жағдайлар көп болған. Тіпті, кішкентай Ираны ішкілікке салынған бейтаныс ер азаматтардың арасында отырғанын көргендер де бар. Ал, үйіндегі жағдай мүлдем сын көтермейді.  

Падает с ребёнком на руках

Мұндай бейнежазбалар Венера Калменовада 10-нан астам. Волонтердың айтуынша, бұған дейінгі дауларды түсірмеген. Өзінше, бұл мәселені ешбір құзырлы органдардың көмегінсіз шешіп көрмек болған. Алайда, істің насырға шауып бара жатқанын сезген ол бүгін телеарна тілшілеріне, жауаптыларға хабарлаған. Бірақ, бұған дейін ол қанша полиция өкілдеріне, қалалық қорғаншылық және қамқорлық бөліміне хабарласқанмен нәтиже болмағанын айтады.

Венера Калменова - волонтёр

Венера қорғаншылық бөліміне бірнеше рет хабарласып, жағдайды баяндаған кезде, олар өзгенің ісіне араласпауын сұраған. Ал, бүгін бұл органға біз аталған мәселе бойынша хабарласқанымызда қыркүйек айына дейін ешқандай арыз-шағымның түспегенін айтады. Білім бөліміндігілер мәселені сотқа жіберген. Сот отырысына қыздың анасы келмеген. Сот баланы құзырлы органдарға тапсыру туралы шешім шығарды. Алайда, білім бөліміндегілер де, полицейлер де бүлдіршінді қайдан іздеу керек екенін білмейді.

Жұлдыз Ағманова - қалалық білім бөлімі тәрбие жөніндегі секторының басшысы  

Іздеуде жүрген ананы волонтерлер тапқан. Қазір бала ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Одан кейін Ира балалар үйіне жіберіледі.  Енді анасының алдында екі таңдау тұр. Ішімдіктен бас тартып, балаға дұрыс тәрбие беру немесе аналық құқығынан айырылу.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Жалған вакцина құжатын жасатқан әйел көз жұмды
18:32, 15 қазан 2021
Жалған вакцина құжатын жасатқан әйел көз жұмды
Толығырақ...