
Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қала тазалығына жауапты қызметкерлерінің жұмыстары еселене түсті. Олар кеше түнгі ауысымда жұмысын бастады. Ал, бүгін таңертең сағат 08:00-ден 10:00 дейін қаланың орталық көшелері тазартылды. Алдымен аялдамалар, мектеп айналасы, балабақша, аурухана, шағынаудан іші, баспалдақтар, жаяу жүргінші жолдары қардан тазаланды. Сонымен қатар жол қиылыстарына құм және тұз аралас қоспа себілді.
Әйгерім Ходжаева - "Қала жолдары" ЖШС бөлім инженері
Осы жұмыстарға 250 жұмысшы жұмылдырылды. Сонымен қатар, 2 погрузчик, 2 бойлер, 6 газель, 3 автобус 4 самосвал, 8 көлік жұмылдырылды.