ШҰҒЫЛ! Тұрғындар мектеп салып беруді сұрайды Толығырақ

Қалаішілік қоғамдық көлік мәселесі шешілуде

20:30, 13 қазан 2021

Қала ішіндегі қоғамдық көлік қозғалысы мәселесін тұрғындар "Маңғыстау облысының әкімдігі" Telegram-каналында белсенді түрде көтеруде. Осылайша, Ақтау қаласының 34 шағын ауданының тұрғыны Telegram-чатқа қоғамдық көлік бағытын кеңейту туралы өтінішпен жүгінді. Өйткені, қала кеңейіп, автопарк жаңа автобустармен толықты. Сонымен қатар, автобустардың кешігуіне байланысты қала тұрғындарына жиірек такси қызметін пайдалануға тура келеді, ал олардың бағасы, өтініш беруші атап өткендей, өте жоғары. Бұл сұраққа облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев жедел жауап берді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта такси қызметіне баға мониторингі жүргізілуде, сондай-ақ Ақтау қаласының әкімдігі мен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қаланың жаңа шағын аудандарын қамтитын №8 бағытындағы қоғамдық көліктің жүру сызбасын қарады. Алдағы уақытта кірістер, бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттері такси қызметін заңсыз көрсететін тұлғаларға қатысты мониторинг жүргізілмек.

Тақырып бойынша материалдар

«Каспий» ӘКК тиімсіз жобаларды қаржыландырған
20:22, 10 тамыз 2022
«Каспий» ӘКК тиімсіз жобаларды қаржыландырған
Толығырақ...
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізілді
20:22, 10 тамыз 2022
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізілді
Толығырақ...
Тұрғындар мектеп салып беруді сұрайды
18:28, 10 тамыз 2022
Тұрғындар мектеп салып беруді сұрайды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Полиция қызметкеріне пышақ сұққан күдікті ұсталды
19:11, 4 тамыз 2022
Полиция қызметкеріне пышақ сұққан күдікті ұсталды
Толығырақ...