
Биыл балалар мен қоса ересектер арасында қаңғыбас иттерден зардап шегу оқиғасы жиілеп кеткен. Бұл жағдай бүгінде халықтың арасында қызу талқыға түсуде. Олар әлеуметтік желі арқылы иттердің көзі жойылсын деп жергілікті атқарушы органдарға шағымдарын білдіруде. Мамандардың айтуынша, арнайы заң күшіне енген кейін наурыз айынан бастап тұрғындардан 14- тен аса арыз түсіп, 76-ға жуық төрт аяқтынының көзі жойылған.