ШҰҒЫЛ! 17 кәсіпорынға айыппұл салынды Толығырақ

Кардиология бөліміне - 30 жыл

19:02, 4 маусым 2021

Жаңаөзендегі көпбейінді аурухананың кардиология бөліміне 30 жыл! Тәуелсіздік алған жылы өз жұмысын бастаған бөлімнің бүгінде жеткен жетістіктері мол. Өйткені, былтыр ғана іске қосылғанан гиолаборатория жүрек қан тамырлары ауруларының алдын алып, оның азаюына көп көмегін тигізген. Мұны қала медицинасының айрықша даму көрсеткіші деуге болады.

Бұған дейін, жүрек қан тамырлары ауруына шалдыққан науқастар ота жасату үшін облыс орталығына баратын. Енді бұл медициналық қызметті Жаңаөзен қаласынан алуға мүмкіндік туды. Өткен жылы  қалалалық көпбейінді аурухана жанынан жұмысын бастаған  ангиолаборатория орталығы бірқатар жұмысты жеңілдетті, дейд ақ халаттылар.  Тіпті, шалғай ауылдардан бөлек, басқада  облыстардан келіп емделетіндер бар.

Ақжарқын Мысырова - емделуші

Адам кеудесіндегі жұдырықтай жүректің атқаратын қызметі зор. Бүгінде жастардан бастап егде тартқандар арасында жүрек қантамырлары ауруына шалдыққандар көбеюіп жатыр. Кардиология бөлімі мен қан тамырларын диагностикалау орталығы бірігіп, ангиографаппаратының көмегімен бір жыл ішінде 315 науқасқа шарапатын тигізді. Айта кетеййік, коронарография - қан тамырына арнайы сұйықты жіберіп, рентген арқылы бақылайды. Тамырдың тарылған жерін анықтап, стенд қояды.

Орынгүл Текебаева - кардиологдәрігер

Жүрек ауруларының бірден-бір себебі- қимыл-қозғалыстың аздығы. Артық салмақ, қандағы холестеринді арттырып, оның қоюлануына әкеп соғады. Сонымен қатар, дұрыс тамақтанбау мен шылым шегудің де зияны жетерлік. Сондықтан, мамандар, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеуге кеңес береді.

Тақырып бойынша материалдар

Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
19:48, 17 қыркүйек 2021
Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
Толығырақ...
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
19:48, 17 қыркүйек 2021
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
17:47, 13 қыркүйек 2021
Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
Толығырақ...