ШҰҒЫЛ! Ақтауда 200 ге жуық үлескер 2 жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүр Толығырақ

Каспий" ӘКК: үш жылда төрт басшы

20:16, 21 қыркүйек 2021

"Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында сыбайлас жемқорлық белгілері анықталды. Бұл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің облыстағы мамандары жүргізген сыртқы талдау нәтижесінде белгілі болған. Агенттіктің облыстағы департамент басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Мырзағалиевтің айтуынша талдау барысында мекемеде кадр саясаты сақталмайтыны, басқарма төрағасынан бастап қызметкерлердің жиі ауысатыны белгілі болған.{ КСМ } Мәселен, 2018 жылдан бастап бүгінге дейін басқарма басшысы төрт рет өзгерген. Оған қоса, бюджет қаржысын тиімсіз жұмсау фактілері де бар. Облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларының талаптарын бұза отырып, мекеме өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту жөнінде уақытылы шаралар қабылдамағаны анықталған.

Қуаныш Мырзағалиев - ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары
Мысалы, 2020 жылы 6 млн. теңге сомасына сатып алынған 200 мың дана тауық жұмыртқасы, кәдеге жарамсыз болуына байланысты Қоғам балансынан есептен шығарып, мемлекетке 6 млн. теңгеге залал келтірілген. Сонымен бірге, аталған жарамсыз тауық жұмыртқасын жою және үй-жайларды дезинфекциялау қызметтері үшін 1,9 млн. теңге сомасында Қоғам қаражаты тиімсіз пйдаланылған. Аталған деректер бойынша Қоғам кінәлі тұлғалаларды анықтамаған және олардың жауапкершілін қарастырмаған.

Брифинге  "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік коорпорациясының төрағасы Қуаныш Берішбаев пен орынбасары қатысты. Айтуларынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қорын қалыптастыру бойынша несие алған кәсіпкерлерден қаражатты қайтару жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінге дейін 4 кәсіпкерден ақша қайтарылған.

Ляйля Алиева - "Каспий" әлеумттік - кәсіпкерлік корпорациясы ақ басқарма төрағасының орынбасары
Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясы  7 кәсіпкерден 146 млн теңгені мәжбүрлеп өндіріп алу шін жұмыстанып жатыр.  Басқарма төрағасының шешімімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қорын қалыптастыру жобасына жауапты жұмыскерлер бекітілді. Ал тауық жұмыртқасының бүлінуіне байланысты ішкі тексеру жүргізіліп, сол уақытта жауапты болған мамандарменн еңбек шртының тоқтатылуына байланысты тәртіптік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік болмаған.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Жалған вакцина құжатын жасатқан әйел көз жұмды
18:32, 15 қазан 2021
Жалған вакцина құжатын жасатқан әйел көз жұмды
Толығырақ...