ШҰҒЫЛ! Өңірде коронавирустан 14 адам көз жұмды Толығырақ

Қауіп төндірген көпқабатты үй

19:35, 22 маусым 2021

Ақтау қаласындағы 9-шағын аудан, 20-үйдің тұрғындары үреймен ғұмыр кешіп отырмыз дейді. 4-5 жылдан бері жөнді жөндеу көрмеген 9-қабатты ғимараттың сыртқы бетон қабаттары опырылып, жоғарыдан төмен құлдилап түсіп жатыр. Үй жанындағы ағаштарды көлеңкелеп ойнған балаларымыз бір күні жазым бола ма деп қауіп етеміз деп шағымданған тұрғындардың мәселесін Мөлдір Батырбай тыңдап қайтты.

Мөлдір Батырбай - тілші

Тұрғын үйге күрделі жөндеу жасалмағанына 5 жылдан асқан. Салынғанына жарты ғасыр болған үйдің әр қабаты жарылып, апатты жағдайға жеткен. Салдарынан мынандай бетон бөлшектері опырылып түсті. 

Бұл құлаған бетон бөлшектері балдарымыздың өміріне қауіп төндіріп тұр дейді - Тимур Оразымбетов. Өйткені әр қайсысының салмағы 1-2 келіден асады. Ол сонау 6-7 қабаттан құласа, төмендегі бала түгілі ересек адамды да оңдырмасы анық. Тимур жиырма жылдан бері осы үйде тұрады. Сондықтан тұрғын үйдің кем-кетігін жақсы біледі. Мұнда алаңқай болғанымен, балалар аптап ыстықта ағаш көлеңкесінде ойнайды. Ал тұрғындардың дені пәтер жалдап тұрады. Көп қабатты үйде не болып, не қойғаны оларды алаңдатпайтын көрінеді.

Тимур Оразымбетов - тұрғын

Пәтер жалдап тұратындарға бәрібір. Мен тіпті не істейтінімді білмеймін. Кімге хабарласамыз? Кімді кінәлаймыз? Бұл үйдің ауласында қаншама бала ойнайды. Осының кесірінен біреуі зардап шексе қайтеміз? Ең болмаса осы аумақты қоршайтын лента қойылса, адамдардың сақтанып жүруіне көмек болар еді. Дәл қазір қандай да бір шара қолданбаса, кейін кеш болады.

Ал осы үйдің мүлік иелері бірлестігінің өкілі жөндеу жұмысының өз міндетіне жатпайтынын айтты. Тек үйдің тазалығы мен жертөледе дезинфекция жасау сияқты жұмыстарды атқарады. Сол себепті мәселені естіген бойда қала әкімдігіне барыпты. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандарына жолыққан. Өйткені, мұндай жағдайда жергілікті бюджеттен қаражат бөлінуі тиіс дейді.

Айман Шағбанова - 20-үйдің мүлік иелері бірлестігінің басқарушысы

Енді былтыр заң шықты. 7 февраль, 20-шы жылдан бері мына үйдің фасады мен шатырды үкімет бойынша, местный бюджет бойынша тегін жасалады деген. Сол себепті кешегі күні мен қасымда КСК Татьяна бар. Акиматқа бардық. Әкімге приемға жазылдық. Прием жиырма тоғызында болады. Осы мәселені тағы да көтереміз. Осындай пока жағдай.

Осылай деген бірлестік өкілі енді әкімдіктен үмітті. Мәселенің оң шешілуін тұрғындар да асыға күтіп отыр. Сақтансаң сақтармын деген. Бұл мәселені қалалық әкімдік қызметкерлері тездетіп қолға алса, оқыс оқиғаның да алдын алған болар еді.

Тақырып бойынша материалдар

"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
20:18, 3 тамыз 2021
"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
Толығырақ...
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
20:18, 3 тамыз 2021
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
18:52, 29 шілде 2021
Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
Толығырақ...