
Жаңаөзендегі Көктем шағынауданындағы тұрғын үйдің сапасы сын көтермей тұр. Шамамен тоқсаныншы жылдардың басында салынған қауіпті үйдің құлағалы тұрғанына 13 жыл болған. Қазір қабырғадағы жарықтың көлемі күн өткен сайын үлкейіп барады. Ғимарат қазір бос тұр. Дегенмен, көпқабатты үйдің маңынан өтетіндер үреймен күн кешіп жүргенін айтады. Толығырақ тілші бейнематериалында.
Күләш Нұрғалиева Көктем шағынауданында бір жарым жылдан бері тұрады. Үнемі ескі үйдің жанынан өтеді. Айтуынша, денсаулығы нашар баласы үшін алаңдайды. Оқыс оқиғаға тап бола ма деп, күні-түні баласын күзетумен жүр. Ол қаңырап тұрған үйді жағдайы төмен отбасыларға жөндеп берсе, болмаса бұзып тастаса екен дейді.
Күләш Нұрғалиева - тұрғын
Осы жерден өтеміз бәріміз. Қорқынышты. Құлайын деп тұр. Көріп тұрсыздарғо. Бізге де ол ұнамайды. Әкімшілік тарапынан ешкім шықпайтын босла, тұрғындарға берсін біз-ақ бұзып тастайық. Разрешение берсін тек. Кім өтсе де қорқынышты. Не болып кететінін білмеймізғо. Соған біз көмек сұрап тұрмыз.
Сағыныш Қосанов - тұрғын
Гүлмира Есетова - тұрғын
Бұл үйдің жанынан өту көбіне оқушылар мен қарт кісілерге қауіпті. Жауаптылар болса, аталған мәселе жайында хабардар екенін жеткізді. Айтуларынша, осы жылы көптің үрейін алған үй сүріліп тасталмақ.
Бақтияр Төлебай- қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы
Барып көрдік. Білдік. Енді осы 2020 жылы өткен жылы бұл тұрғын үйді бұзуға қаражат қарастырылмаған. Осы жыл снос жасауға 2021 жылы бюджеттен қаражат қарастыру үшін бюджеттік өтінім берілді. 2021 жылы жоспарда бар.
Апатты жағдайдағы үйде қазір ешкім тұрмайды. Әкімшілік тарапынан үй беріліп, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Қазір, бос қалған үй қаңғыбастар мен бұралқы иттерге ғана пана боп тұр.