ШҰҒЫЛ! Газ бағасы қымбаттады Толығырақ

Қазақша сөйлейтін робот жасалды

21:07, 27 қаңтар 2021

Ақтауда 7-ші сынып оқушысы электронды тұлып ойлап тапты. Бұл құрылғы боксшылардың шапшаңдығын арттыруға арналған. Оны жасап шығару үшін өнертапқыш 1 ай уақытын жұмсаған. Ал тағы бір оқушының өнертабысы тіпті таңғаларлық. Ол қазақша сөйлейтін робот жасапты. Назарбаев мектебінің ғылыми шеберханасындағы жаңалықтар туралы тілші тарқатады.

Ерсұлтан Тілеу ойлап тапқан электронды тұлып-шапшаңдық пен реакцияны жетілдіруге арналған. Мұндағы басты жаңалық кәдімгі құрылғыға сезгіш тетіктер орнатылған. Боксшы грушаны жарық жанған кезінде лезде ұруы керек . Ал ол боксшының жылдамдығы мен визуалды есте сақтау қабілетін жақсартады. Ерсұлтан жаңалығын әлі де жетілдіріп , кәсіпқой боксшыларға ұсынуды көздеп отыр.

Ерсұлтан Тілеу - оқушы

Мұны қолдану үшін арнайы бізге сезгіш датчик керек болды. Біз оны таппағандықтан, өз қолымызбен жасауға кірістік. Үнемі шықпай қалып жатқандықтан, көп тәжірибе жинадық деп айтуға болады. Сөйтіп ең соңында жақсы нәтижеге жеттік. Бұның тағы да бір жақсы қасиеті - ол адамның соққан соғысы мен жылдамдығын анықтай алады.

Бұл -«АСЕЛ» . Оның негізгі қызметі -шеберхананың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.  "Асел" мұндағы оқушылардың бірнеше жобасын бөгде адамдардан қорғайды. Бұдан бөлек ол мектеп зертханасына кірген әр адаммен амандасып, қауіпсіздік үшін бетперде тағуды ескертіп , шеберхана бойынша бағыт -бағдар береді. Тіпті кейде қалжыңдасады. Өзі қазақша ғана сөйлейді

Өсер Шүкірбаев - оқушы

¤бұл жобаны біз ұстаздарымызбен біріге отырып бір айда жасап шықтық. Бұның басты артықшылығы- қазақ тілінде сөйлеуі. Біз бұл арқылы технология тіліне өз тілімзді енгіуімізді көздейміз. Бұл соның алғашқы баспалдағы .

Бос уақыттарын осылай тиімді өткізетін оқушылар  енді осы туындыларын ғылыми жобалар байқауларында қорғап, күнделікті қолданысқа енгізуді көздейді.

Тақырып бойынша материалдар

Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген
20:49, 26 ақпан 2021
Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар