ШҰҒЫЛ! Мұнай қалдықтары төгілген жердің иесі анықталды Толығырақ

Қазақстанда коронавирусқа шалдығу көрсеткіші төмендеп келеді

20:12, 4 мамыр 2021

Елімізде коронавирусқа шалдығу көрсеткіші біртіндеп төмендеп келеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Мәселен, соңғы 3 аптада науқастану көрсеткіші өзгеріссіз болғанмен, өткен аптада вирус жұқтыру 2 пайызға төмендеген. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, елімізде 1,5 млн-ға жуық адам вакцина алды. Науқан басталғалы шамамен 1,8 млн доза вакцина қолданылды. Вакцина ең көп салдырған қалалар арасында Алматы көш бастап тұр. Ал өңірлер арасында Алматы облысы тұр. Айта кету керек қазір елде Спутник V, QazVaq, Hayat-Vaх екпелері қолжетімді.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі

Вакцинация «Халықты вакцинациялау жұмыстары ширап келеді. 1-сәуірмен салыстырғанда, тәулік ішінде бірінші және екінші компонентпен егілгендер саны 12 есе артты. Дәлірек айтқанда, тәулігіне 11 мыңнан 135 мың адамға дейін ұлғайды».

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі

 «Мамырда 2 млн-нан астам адамды вакцинамен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Вакцинаның қажетті көлемі бар. Вакциналаудың өсу қарқынын төмендетпей, тек өсіру керек. 20.45+20.57 Сонымен қатар, вакциналанған адамдардың саны артқанмен азаматтар белгіленген санитарлық талаптарды қатаң сақтауды жалғастыруы тиіс.

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын қабылдады
19:13, 5 мамыр 2021
Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Төккені анық, төккен кім, Төкенов мырза?
20:23, 30 сәуір 2021
Төккені анық, төккен кім, Төкенов мырза?
Толығырақ...