ШҰҒЫЛ! Даламыз күлге, қаламыз қоқысқа толды Толығырақ

Киіз үйдің көшедегі көшірмесі

19:05, 2 сәуір 2021

Бүгінде ауыл ауласынан да сирек көретін алты қанат киіз үйдің үлгісі қала көшелерінің бірінен орын теппек. Қала жанашырлары кәдімгі киіз үйдің темірден жасалған көшірмесін қаланың қақ ортасына орнатқалы отыр. Ерікті тұрғындардың ерік-қиялынан туған туынды қала қонақтары мен туристерге ұлттық құндылығымызды паш етеді деген үмітте. Қызықты тақырыпты Жансая Оразбай тарқатып, айтып береді.

Құрамында 18 ерікті бар бұл белсенді топтың құрылудағы басты мақсаты - Ақмаржан қаланың ажарын одан әрі арттыру.  Өйткені, әр шаһардың тарихы онда тұратын адамдардың жасаған ізгі істерінен құралады.  "Шаңырақ" арт-нысаны олардың қаламызға екінші тартуы болмақ.  Бір ай бұрын қолға алған жобаның эскизі  бар жоғы бір аптада дайын болған. Ашық аспан астында мұражай салуды қала әкімдігі де мақұлдапты. Қазір киелі кереге керіліп, шаңырақ көтерілетін орын анықталып жатыр.

Диас Қойжекенов - белсенді

Шаңырақты таңдаған себебіміз, қазақтың салт-дәстүрін, тарихын, тұрмысын көрсетеді. + Қаламызға келген туристер бұл жерге фотозона ретінде қазақтың қол өнері тұрған жерді көрсету себепті сондай оймен таңдап едік сол шаңырақты. + Қаламызды көркейту үшін осындай жұмыс жасағымыз келеді.

Идея авторлары нысан 1 айдың ішінде пайдалануға беріледі деп жоспарлаған. Алайда қаржының жоқтығы қолбайлау болып отырған көрінеді.  Қала жанашырларына қолдау көрсетіп жатқан тұрғындар да баршылық.. Бірақ жиналған қаржы әлі де жеткіліксіз. Айта кетейік, еріктілер бұған дейін бірнеше жобаны жүзеге асырған. Мәселен, Қарт Каспий жағалауына гүлмен безендірілген металл жүректі инсталляция орнатты. Одан бөлек, төменгі шағын аудандарды жарықтандырды.

Жәмила Тамашева - белсенді

Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алға қойған жоспарларымыз көп. Қаланың сән-сәулетін арттыруға үлес қосқымыз келеді. Тұрғындарға тарту жасауды жалғастыра береміз.

Жансая Оразбай - тілші

«Шаңырақ» туындысы Хай-тек стилінде темірден жасалатын болады. Жобаның атына сай төбесіне «Шаңырақ» қойылады. Бұл туынды ашық аспан астындағы шағын мұражайға айналып, кала тұрғындарының  сүйікті жеріне айналары сөзсіз.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
19:22, 9 сәуір 2021
Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
Толығырақ...