ШҰҒЫЛ! Даламыз күлге, қаламыз қоқысқа толды Толығырақ

Кішкентай кәсіпкер

19:17, 7 сәуір 2021

Ақтаулық 14 жасар Арайлым Қолғанат ата-анасына алақан жаймай, өзі табыс тауып жүр. Арайлым жалғыз емес, өзі құралпас жастар өңірде баршылық. Ересектердің өзі екі қолға бір күрек таба алмай жүрген кезде, Арайлымның кәсіп ашып, сабақтан тыс кезде нәсібін еңбектен іздеуі әбден құптарлық іс дейді көпшілік. Кішкентай кәсіпкермен кездесіп, тілдесіп қайтқан Сағира Өтепқызы сөйлейді.

Арайлым Қолғанат бар-жоғы 14 жаста. Ол жұрттың баласы сияқты уақытын босқа өткізбейді. Есесіне 2 жылдан бері қыз-келіншектердің тырнақ, қолын сәндеп, маникюр жасаумен айналысады.

Арайлым Қолғанат - кішкентай кәсіпкер

Әлі тесімде, 1 маусым балалар күніне әкем ақша берді. Мен оны саумай, ата - әжемнің де жаратуға берген ақшаларын жинадым. Сосын, сайт арқылы маникюр жасауға қажетті құралдарды сатып алдым. Тырнақтарды әсемдеп,  сәндеуді интернеттен қарап үйрендім. Әзірге жаман емес. 

Сағира Өтепқызы - тілші

Осылайша, кішкентай кәсіпкеріміз қосымша сабақтарының ақысын маникюр жасау арқылы табады. бастысы ата-анама салмақ салмаймын дейді. Күніне 5-6 клиент қабылдайды. Бірақ, оның бұл жұмысы оның негізгі сабақтарына кедергі емес.

Кішкентай кәсіпкер бұған дейін вокал үйірмесіне қатысқан. Актерлік шеберлігін шыңдаған. Болашақта бизнес мектебін қалыптастырып, өңір экономикасының дамуына үлес қоспақ. Кәсібіне алғашқы инвестицияны ата-әжесі құйған.

Қолғанат Нұржаубайұлы - атасы

Енді, үлкен бір пайда деп отырған жоқпыз. Бірақ, сол өзінің табалына тоқтау салмай, шектеу салмай. Сол, қазір заманның талабы сондай ғой өз күніңдіі өзің көр, табыс тап. Соған жас тайынан үйреніп жүрген жайы бар. Уақыты көп болмайды. Бала болып, ойнап. Оған енді біз ақша тап деп жатқанымыз жоқ. Өзінің талабы сондай болғасын біз кедергі болмай керсінше қолдау көрсетіп жатырмыз.

Жалпы, Арайлым сияқты өңірде кішкентай кәсіпкерлер баршылық. Солардың бірі - Форт-Шевченко қаласының 8 сынып оқушысы Кәмила Дәуренқызы. Ол мектеп оқушысы болса да, сүйікті ісі арқылы нәпақа тауып, отбасына қолғанат болып жүр. Кішкентай кәсіпкерлерге үкімет тарапынан қандай көмек болу мүмкін - деп кәсіпкерлік және сауда басқармасына хабарласқанбыз. Олар кішкентай кәсіпкерлерге ешқандай көмектің жоқтығын айтты. Қыздар 18 жасқа толғаннан кейін, яғни 4 жылдан соң ғана қандай да бір мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алады екен.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
19:22, 9 сәуір 2021
Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
Толығырақ...