ШҰҒЫЛ! Даламыз күлге, қаламыз қоқысқа толды Толығырақ

Коллекционер оқушы

19:17, 7 сәуір 2021

Ақтау қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің оқушысы Матвей-Исатай Веренцов минералды тастар жинаумен айналысады. Оқушының коллекция жинауға әуестігі Маңғыстау табиғатына экскурсия жасаған соң басталған. Қазір оқушы колекционердің жинақ-қорында минералды тастың 30 дан астам түрі бар.

Мектеп оқушысы Матвей-Исатай Веренцов 14 жаста, 7-сыныпта оқиды. Талапты жастың тас жинауға құмарлығы 7 жасынан басталыпты. Бүгінде оның коллекциясында кварц, кремний, тау христаляциясы, целлистин сынды минералды тастардың түр -түрі бар.

Матвей - Исатай Веренцов

Анам екеуіміз Маңғыстау табиғатын зерттегенді  жақсы көреміз және үнемі саяхатқа шығамыз. Сондай сапарлардың бірінде ерекше жылтырайтын тастарды көріп, олардың қандай минералдар екендігін білгім келді. Кейін қолыма түскендерін жинақтап, үйге әкеліп, палеонтологтармен тілдесіп, олардың қандай минералдар екендігін біле бастадым. Тапқан минерал тастарымды аса мұқият өңдеймін. Өкінішке орай, кейбір тастар радоактивті болуы мүмкін. Сондықтан, қауіпсіздік шараларын қатаң ұстау және арнайы құрылғының болуы да маңызды.

Ақсындар Табылды - тілші

Менің қолымдағы мына тас гётит араласқан кварс. Өте сирек кездесетін тас түрі. Мұның ерекшелігі -оның сарғыш түстері және маңғыстауда ғана кездесетіндігі. Квартцтың ішінде гётит инелері бар

Биыл 7-ші сыныпқа көшіп химия пәнімен танысуы  Матвей-Исатайдың тастарды зерттеуге деген қызығушылығын одан сайын арттырған. Менделеев кестесіндегі элементтермен таныса бастаған ол, өз коллекциясын жасақтау қажет деп шешкен. Бүгінде ол кейбір тастарды тіпті тапсырыспен алдыратын жағдайға жеткен.

Лариса Гордиенко - химия пәнінің мұғалімі

Маған Исатай-Матвей минералды тастарға қызығушылығы барын айтып келгенде таң қалдым. Өйткені менің тәжірибемде мұндай оқушы алғаш кездесті. Оқушының қызығушылығы өте жоғары. Курватов атындағы халықаралық байқауда екінші орын алды.

Маңғыстаудан дүние жүзінде кездеспейтін  60-тан астам минерал түрлерін кездестіруге болады. Матвей-Исатайдың ендігі мақсаты - сол тастардың барлығын жинап,  әшекей бұйымдарын жасау.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
19:22, 9 сәуір 2021
Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
Толығырақ...