ШҰҒЫЛ! Мұнай қалдықтары төгілген жердің иесі анықталды Толығырақ

Қорықшыларды кім қорғайды?

20:30, 28 сәуір 2021

Маңғыстауда соңғы 5 жылдықта қызыл кітапқа енген, ерекше қорғаудағы арқар мен қарақұйрықтың популияциясында өсім бар. Олардың санын молайтуға Қызылсай табиғи паркінің инспекторлары зор үлес қосып отыр. Дегенмен, жабайы аңдарды қасқөйлерден қорғап отырған қорықшылардың жұмысына кедергі келтіріп отырған бірқатар мәселе бар.

Аңды қорғау - оның қасына барып қарап отыру, аңшыны қарумен үркіту емес. Қазақ аңды қорғау деп, оның киесінен қорқып, аңшылықтың обал-сауабын білу деп ұққан. Ал аңшылықтың қадір-қасиетін ұқпай, көзіне көрінгенді ата салу бүгінгі аңшы-сымақтардың пасық ісі болып тұр. Қорықшылардың көзіның қарасындай қорып жүрген аң өсімі көп аймақтарды ерекше қорғау бірінші кезекте болу керек. Ал қазірде инспекторлар үшін ең өзекті - көлік мәселесі.

Жұлдызбек Есенғалиев - «Қызылсай» табиғи паркі қорғау аймағының аға инспекторы

Автокөліктердің қозғалтқыш көлемі норматив бойынша 2,7 және 5 деген көлем болу керек. Ал бүгінгі таңдағы біздің атвокөліктердің көлемі нива болғаннан кейін, ниванікі 1,6-1,7 ғой енді қозғалтқыштарының көлемі,осы жағынан да бізге нормаға сай автокөлік керек.

Өйткені арқар мен қарақұйрық мекендейтін, дала қыраны мен итаю жүретін, дуадақ секілді құстары бар алты қаумал мен 1 парктің аумағы әлденеше есе үлкен. Сондықтан шың-құзы аралас далада үнемі жортып жүру үшін аң қорғайтын инспекторлардың да , адырлы-қыратты қара жолға жарамды көліктердің саны көп болу керек.

Жұлдызбек Есенғалиев - «Қызылсай» табиғи паркі қорғау аймағының аға инспекторы

68 мың гектар жер. 68 мың гектар жерге өзі бір вагон қойылған. Негізі бұның өзі мемлекет бекіткен тарифы барБәлен квадрат метр жерге бәлен инспектор положено. Біз соған салатын болсақ, бұл жерде дейтін 10 ның үстінде дейтін инспектор болу керек.

Есенқос Әділбаев - МО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары

Жалпы болашақта Жабайұшқанды парк, қазір енді қаумал оның статусын жоғарылату  жоспарда тұр. Ол парк болғаннан кейін инспекторлар да штаттары көбейеді. Енді оның бәрі қаражатқа келіп тіреледі.

Иә, әзірге аң қорғау тек инспекторлардың ғана мойнына жүктелген. Қазіргідей арқардың төлдеп, жануарын аяқтандыратын кезінде оның обал-сауабына қарамай қаңғырған оқтың құрбаны қылмас үшін инспекторларға күш керек. Әйтпесе, арқар мекендегеен алқапты күзететін аз ғана қорықшыларға бюджеттің өзі 50 млн теңгесін бере алмай отырғанда, қызық қуған құтырған қаскөйлер арқарды шетінен құрта бермек.

Есенқос Әділбаев - МО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары

Зоопром бар, табиғат қорғау полициясы бар. Аудагдық полициялар ьбар. Сонымен қатар, аң қорғау, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекция бар. Солармен де бірлескен жоспарлар бекітеміз. Бірлескен рейдтер ұйымдастырып отырады. Мына аңдардың туатын кезінде.

Мұндай шаралар тек арқарлар төлдейтін кезде ғана емес, жыл он екі ай жүруі тиіс деп есептейді табиғат пен  аңдардың жанашыларлары. «Бекіре операциясы» т.б науқандар секілді арқаралар мен қызыл кітапқа енген өзге де аң-құстар  теңдей қорғалса деген тілек бар. Осы жақында ғана қорықшылар арқар атқан қаскөйлерді қолға түсірді. Демек, аң-құсымыздың қорғалуы ойдағыдай деген ой түюге болады, тек билік олардың мұң-мұқтажына назар аударса болды.

Тақырып бойынша материалдар

Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын қабылдады
19:13, 5 мамыр 2021
Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Төккені анық, төккен кім, Төкенов мырза?
20:23, 30 сәуір 2021
Төккені анық, төккен кім, Төкенов мырза?
Толығырақ...