ШҰҒЫЛ! Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды Толығырақ

Қос ақынға арналған оқу кабинеті ашылды

21:17, 14 мамыр 2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Жаңаөзеннің орта білім беретін қос мектебінде маңғаз Маңғыстаудың айтулы ақындары Сабыр Адай мен Светқали Нұржанның шығармашылығына арналған оқу кабинеттері ашылды. Шараға облыстық мәслихат хатшысы, жергілікті әкімдік өкілдері мен қаланың құрметті азаматтары және әдебиет сүйер қауым ат салысты. Салтанатты жиында кабинеттердің лентасы қиылып, ақындардың өлеңдері оқылды. Сонымен қатар, дара тұлғалардың құрметіне стелла бой көтерді.

Елбасының іргелі бастамалары халқымыздың тарихи санасын жаңғыртуға зор үлес қосты. Осындай бастамалардың бірі - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы. Соның аясында Білім-инновация лицейінде талантты ақын, Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің кавалері Светқали Нұржанның шығармашылығына арналған оқу кабинетінің тұсауы кесілді. Шарада оқушылар айтулы ақынның поэзия шумақтарынан үзінділер оқып, ел ағалары соңғы үлгіде жабдықталған кабинетке өз бағаларын берді. Әдебиет сүйер Жаңаөзен халқының ыстық ықыласына бөленген сөз шебері ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды.

Светқали Нұржан - ақын

«Сіздерге Алла разы болсын! Бізді осыған лайықты деп танып жатсаңыз, біздің бұл өмірді босына сүрмегеніміз деп есептеймін! Біздің жетпеген биіктерге осы жастар жетсін, біз алмаған асуларды осылар алсын деп тілеймін!»

«Әр қазақ менің жалғызым!» деген бір өлең жолы Алаштың ұранына айналған, Бүкілодақтық 2-ші Халық шаруашлығы Фестивалінің лауреаты, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріСабыр Адайдың өлеңдері жас ұрпақ үшін нағыз рухани азық болары сөзсіз.Ұлттық рухты жаңғыртуда талмай еңбек етіп келе жатқан ақынның шығармашылығы жастардың жадында мәңгі сақталуы мақсатында мектеп-гимназиясында оқу кабинеті қолданысқа берілді. Том-том кітаптары қойылып, жыр жауһарын паш еткен шәкірттерге естелікке берілді. Ақын өз кезегінде жүрек түбінен шыққан сезімімен бөлісті.

Сабыр Адай - ақын

«Бүгінгі шара тек біздердің еңбектерімізді насихаттау емес, бүкіл әдебиет саласына жасалған жақсылық деп білемін. Өйткені, әдебиет - өмірмен біте қайнасып жататын біртұтас дүние. Сондықтан, арты жалғаса берсін. Өзге ақындардың да шығармашылығы насихатталып, әдебиетіміз дами берсін!»

Қос ақынның құрметіне қала орталығындағы «Мұнайшы» мәдениет үйінің жанынан «Маңғыстау - Маңғаз мекенім» атты стелла ашылды. Онда талант иелерінің көпке танымал өлең шумақтары жазылған. Жиынға үлес қосқан басшылар сөз алып, жасампаз елдің жастарына үлгі-өнеге көрсетіп келе жатқан ақындардың еселі еңбегін насихаттады.

Нури Тумышев - Маңғыстау облыстық мәслихат хатшысы

«Бүгін бірқатар игі шара жүзеге асты.Осының басы-қасында жүрген азаматтарға алғыс айтамын облыс әкімінің атынан. Қос ақынға шығармашылық табыс, дендеріне саулық тілеймін. Қаламдары талмасын, әлі де бізге берері көп болсын»

Бүгінгі күннің талабы - ұлттық болмысымыздан, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмау. Осы орайда халықтың жоғын жоқтап, жақсылығын асыратын, түп-тамырымызбен байланысты нығайтатын ақындарымыздың маңдай тері зор.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері  марапатталды
21:05, 18 маусым 2021
Медицина қызметкерлері марапатталды
Толығырақ...
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...