ШҰҒЫЛ! 17 кәсіпорынға айыппұл салынды Толығырақ

Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау

20:21, 16 маусым 2021

Маңғыстауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі өңірлік 9 жұмыс тобы құрылып, 11 қордың тізімін қалыптастыру жұмыстары басталды.

Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің мұрағаттық құпия құжаттарын зерделеу үшін комиссия құрамының 3 мүшесіне рұқсат берілді. Сонымен қатар, мұрағаттың араб тіліндегі  құжаттарын зерттеу мақсатында аудармашы маманы жұмысқа қабылданды. Бұл туралы облыс әкмдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі комиссияның атқарған жұмыстарында айтылды.

Қазіргі кезде құрылған  жұмыс тобының мүшелері 604 әскери тұтқындар мен  478 қуғын-сүргінге ұшырағандардың  тізіміне қатысты мәліметтерді зерделеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.  Осыған байланысты туыстарын оңалту бойынша өңірлік комиссияға  22 адам жүгінген.

Аманғали Нұрдаулетов - облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы

Комиссияның ұсынымын орындау шеңберінде Маңғыстау облысының Полиция департаментімен бірлесіп, ақталған және ақталмаған қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың істері бойынша 3 арнайы қор құру бойынша шаралар қабылданды.

Мұрағаттық құпия құжаттарды сақтау үшін арнайы орын бөлініп, барлық нормативтік нормаларға сәйкес жабдықталды. Облыстық мұрағаттың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін және іссапар шығындарына бюджеттен 30 млн.теңге қаражат қарастырылды.

Алқажан Еділхан - өлкетанушы

Мұрағаттарда құжаттар сақталған. Жеткілікті дәрежеде мәліметтерді алуға болады. Әрине, енді құпияларын оларға да рұқсат береміз деп жатырғой. Оларды да көрерміз. Негізгі-негізгі бағыттарын әрі қарай тереңдетсек Үкіметтің қазіргі қойып отырған талабын байланысты жергілікті үкіметіміз, облыстық әкімдік, облыстық ішкі саясат басқармасы өте жіті мұқият біздерді қадағалап отыр.

Ауқымды жұмыс қажырлы еңбек пен уақытты талап ететінін ескере қажет,- дейді мамандар. Сондықтан маңғыстаулықтардың да бұл жұмысқа көмек көрсетуін сұрайды.  Мәліметтерді жинақтау үшін, Фейсбук, Телеграм каналы, электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Сонымен қатар, қажетті ақпараттарды анықтау мақсатында тікелей байланыс номері 30-44-22; 30-44-17 жұмыс жасап жатыр.

Тақырып бойынша материалдар

Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
19:48, 17 қыркүйек 2021
Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
Толығырақ...
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
19:48, 17 қыркүйек 2021
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
17:47, 13 қыркүйек 2021
Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
Толығырақ...