ШҰҒЫЛ! Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды Толығырақ

Күрделі жөндеуден өтті

20:02, 11 маусым 2021

Биыл 40 жылдан бері жөндеу көрмеген облыстық балалар ауруханасы күрделі жөндеуден өтті. Ол "Сәби" қорының қолдауымен іске асырылды. Осыдан екі ай бұрын басталған құрылыс жұмыстарына 300 млн, теңгеден астам қаржы жұмсалыпты. Балалар ауруханасының баяғысы мен бүгінін сараптап қайтқан Ақсындар Табылды айтып береді.

Ескі қабырғалар, көне құрал-жабдықтар бұл облыстық балалар ауруханасының бұрынғы келбеті болатын. Қазір аурухана қабылдау бөлімінен бастап су жаңа. Жаңарған тек ғимарат емес, сонымен қатар операция бөлімі жаңарып, заманауи құрылғылармен толыққан. Мәселен  бұрын соңды болмаған ламинарлы ауа залалсыздандыру қондырғысы орнатылған.

Гүлжан Ермекбаева - МО көпбейінді балалар аурханасы директорының м.а.

Бұрын біздерде тек бір диагностикалық бөлімше болса баллар жарақат алып келген жағдайда алғашқы көмек көрсету , гипс салу бір жерде болатын. Қазір соынң бәріне бөлек -бөлек орын берілді. Қарқынды емдеу бөлмесі ашылды.

Облыстағы жалғыз балалар аурханасында жылына 10 мыңанан астам бала емделіп, 3 мыңнан астам түрлі ота жасалады. Медицинаға ден қойған қор Ақтаудағы балалар ауруханасының жөндеу жұмыстарына 307 млн теңге жұмсаған.  Енді олар мамандардың біліктілігін арттыруға да жұмыстанбақ.

Әсел Тасмағанбетова - "Сәби" қорының президенті

Ендігі кезеңде біз дәрігерлердің біліктілігін арттыру үшін шет елдік мамандармен оқу курстарын ұйымдастырамыз. Балалар шұғыл зирургия жобасы жүйелі түрде жұмыс жасап жоғары  нәтижелерге қол жеткізеді деп сенемін.

Қордың бұл еліміздегі үшінші жобасы. Бұған дейін Алматы мен Семейде де осындай жұмыстарды іске асырып, халық алғысына бөленген болатын. Енді Петропавл қаласында да дәл осындай жұмыстар жасауды қор көздеп отырған көрінеді.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері  марапатталды
21:05, 18 маусым 2021
Медицина қызметкерлері марапатталды
Толығырақ...
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...