ШҰҒЫЛ! Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды Толығырақ

Құрық порты - тәуелсіздік жемісі

18:51, 11 маусым 2021

Құрық порты - Тәуелсіздік жемісі. Бұлай дейтініміз, бұл айлақ егемендік алғалы салынған тұңғыш паром аймағы. Еліміз еңсе тіктеген соң, экономиканы ілгерілету үшін халықаралық жүк тасымалын көбейтіп, алыс-берісті ұлғайту қажеттілігі туды. Осы мақсатта, Елбасының бастамасымен 2016 жылы паром кешені іске қосылды. Құрық порты бүгінде белгіленген үдеден шығып отыр деп айтуға негіз бар. Паром кешені іске қосылғалы ауыстырып тиеу көлемі 6 млн тоннадан асқан.

Айнұр Маратқызы - тілші

Құрық порты Қытай, Қазақстан арқылы өтетін Каспий теңізімен шығып Әзербайжан, Грузия, одан әрі Түркия мен Еуропа елдерін жалғайтын Транскаспий халықаралық көлік бағдарының желісінде орналасқан. Яғни паром кешені, еліміздің халықаралық көлік дәліздерімен қосатын логистикалық тізбек құрамында. Айлактын аумагы 67 гектардан асады. Жалпы, жобалық әлеуеті - 6 млн жарым тонна.

 Ауа-райы қолайлы болған соң, мұнда жыл он екі ай тоқтаусыз автокөлік пен теміржол паромы жұмыс істейді. Тонналаған жүк теңіз арқылы экспортталады, импортталады, сонымен қатар транзиттік жүктер де өтеді. 2017-2020 жылдар аралығында ауыстырып тиеу көлемі 6 млн тоннадан асқан.

Бақыткерей Әлібеков - порттың бас диспетчері

Порттың бір ерекшелігі - Черкаскова-Бековича дейтін  шығанақ. Табиғи шығанақта мына солтүстік-батыстан соққан  желдерден қорғалған порт. Проектный қуаттылығы 6,5 млн тонна жылына, жалпы максимально қуаттылығына шыға қойған жоқпыз. Былтыр 1млн 500 мың тоннаның үстінде өңделді.

Ал биылғы 5 айда 300 мың тоннадан аса жүк жөнелтілген. Қазір де портқа Әжірбайжанның 13 кемесі қатынайды. Өткен жылы көршілес Иранмен де су байланысы жолға қойылды. Шетелдерден азық-түлік, халық тұтынатын өнімдер, көліктік техникалар импортталса, бізден мұнай-химия өнімдері, металлдар, дәнді-дақылдар тасымалданады

Айтқали Нұрмағанбетов - порттың маркетинг бөлімінің басшысы

2020 жылға арналған жоспар көрсеткішін толық орындады. Көлік техникаларын ауысытырп тиеу, 500 мың тоннаны немесе 15 347 техниканы құрады. Бұл 2019 бен салыстырғанда 2 есе көп болған. Бүгінгі таңда паромдық жаңа бағыттар ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар  2020 жылдың қарашасында Иран порттарынан жаңа паромдық маршрут іске қосылды. Осы кеме қатынасы нәтижесінде 5 кеме кіріп, жүк ауыстырып тиеу көлемі 1600 тоннадан асты

Айнұр Маратқызы

Айлақта жүк тасымалымен катар, жолаушылар тасымалы да жузеге асырылады. Мұнан күн сайын Бакуге паром жолға шыгады. Жолаушылар Әзірбайжан астанасына кемемен 18 сағатта жетеді.

Келешекте айлақ басшылығы тек жүк тасымалын ғана емес, туристік бағытты да дамытуды жолға қоюды жоспарлап отыр. Құрық порты - тек аймақтық инфрастуктураның бір бөлігі ғана емес, Еуразияның логистикалық картасындағы маңызды орынға айналған. Болашақта Махачкала портының жаңа паромдық қатынасын ашу жұмыстары қолға алынған. Сондай-ақ, еліміздің транзиттік қапысына айналған айлақ Ресейдің паромдарын да қабылдауы мүмкін. Демек, порттың  байланыс көкжиегі әлі де кеңейе түспек.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері  марапатталды
21:05, 18 маусым 2021
Медицина қызметкерлері марапатталды
Толығырақ...
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...