ШҰҒЫЛ! Президент тапсырмасын орындауға қатысты міндеттер жүктелді Толығырақ

Құжаты жоқ үйдің әлегі

18:42, 14 қыркүйек 2021

Мұнайлы ауданының 22 квартал 35-ші үйдің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр. Ол аздай тұрғындар 100 пайыз қоныстанған жаңа үйге газ құбыры тартылып тұрса да, әлі қосылмаған. Судың қысымы төмендіктен жоғары қабатқа дұрыс көтерілмейді. Үйдің жертөлесі қоқысқа толы, балалар ойнайтын алаңқай атымен жоқ. Мәселе қалай шешіледі? Келесі бейнематериалда толығырақ.

Мына 6 қабатты жаңа үй биыл сәуір айында қолданысқа берілді. Заманауи тұрғыда салынған үйдің бүгінде  жыры да, сыры да бітпеді. Аудан әкімдігінің үй кезегінде тұрған көпбалалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылғандар көптен күткен баспанасына қол жеткізген еді. Бірақ, қуаныштары ұзаққа созылмады. Су сепкендей басылды. Тұрғындардың айтуынша себебі де, салдары да көп болып шықты.

Бақтыгүл Ходжаева
Тілекші Далмағамбетова

Аталған мәселе бойынша Мұнайлы ауданының әкімдігіне хабарластық. Белгілі болғадай, 70 пәтерлі бұл үйді аудандық депутат, жергілікті кәсіпкер салыпты.  Әзірге үйдің құжаттары дайын емес. Сондықтан тұрғындар әлі де тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеусіз жүре тұрады. Ал ол өз кезегінде көпбалалы аналарға соққы болмақ. Өйткені, олар мемлекеттік жәрдем ақыларын әзірге ала алмайды. Ал, газ мәселесі бойынша қазір "ГазТрансАймақ" мекемесімен  келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Нұрбек Қарасайұлы - аудан әкімінің орынбасары

Бұл үйдің мәселесі қашан шешілері әзірге белгісіз. Нақты қай уақытта шешілетінін жауаптылар да дөп басып айта алмады. Әзірге тұрғындарға суды тасып ішуге, үй айналасын қоқыстан өздері тазартуға, жәрдемақыларын уақытша тоқтата тұруға мәжбүр. Ал, балаларға әзірге әкімдіктің жанындағы алаңқайларға ойнай тұруға тура келеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
21:44, 24 қыркүйек 2021
Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
19:54, 21 қыркүйек 2021
100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
Толығырақ...