ШҰҒЫЛ! Өңірде коронавирустан 14 адам көз жұмды Толығырақ

Қылмыстық іс қайта қозғалды

20:34, 21 маусым 2021

Өткен жылы жол апатынан қайтыс болған 3 баланың ата-анасы әділдік іздеп жүр. Бір жарым жылдан бері бармаған жері, қақпаған есігі қалмаған көңілі қаяу жандар біздің телеарнадан көмек сұрайды. Өйткені өмірден қыршын кеткен үш қарақиялық баланың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс белгісіз себептермен тоқтап қалған. Неге? Бұл сұрақтың жауабын табуға әріптесім Жансая Оразбай ізденіп көрді.

1 қаңтар. 2020 жыл. Дәл осы күні таңғы сағат 7 жарым шамасында Қызылсай-Жаңаөзен тас жолында трактор мен жеңіл көлік соқтығысты. Оқиға орнында 3 адам жан тапсырды. "ВАЗ -21010" жеңіл көлігінің жүргізушісі 23-24 жастағы жігіттер айдың күні аманында ажал құшты. Сот-медициналық сараптама тексерулері көрсеткендей олардың ешқайсысы ішімдік ішпеген. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары трактор жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізген. Алайда ол іс қылмыстық құрамы болмауына байланысты 27 желтоқсанда тоқтайды.  Қайтыс болған балалардың әкелері  "Шыққан Қаулыдан хабарымыз жоқ, естімедік, хабарланбады"  деп отыр.

Мұратбек Ыбыраев - Қарақия ауданының тұрғыны

Заң бойынша қаулы шығу керек дейді ғой жәбірленушіге жіберілуі керек. 10 күннің арасында.   Ол бізге қаулыда келген жоқ. Не поштымен, не телефонмен келген жоқ. Не былай ауызша келіп айтпады. Біз оны білмегесін жерде жүре берідік. Келетін шығар деп те жүре бердік. +Хабар жоқ нөл. Шыдамымыз таусылып барсақ жақында сіздік іс жабылып кетті дейді.    Әділдікпен шешсін. Бұлар енді айтады "ой енді жыл жарымнан асып кетті, болмайды" дейді. Пандемиясы бар басқасы бар, олардың бізге айтпаған повяскасы бар. Істі само собой жауып тастаған.

Жәбірленуші тарап осылай дейді. Шыққан Қаулымен мүлдем келіспейді. Олардың айтуларынша, қосымша тергеу-тексеру жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмеген. Оған қоса бастапқыда берген түсініктемелер сол қалпында тұр. Істе күдікті жүргізушіге бірде-бір тиісті дәлелдемелер мен айғақтар жинақталмаған. Сондықтан наразы тарап өткен жылғы  27 желтоқсанда шыққан Қаулының күшін жойып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта бастауды сұрайды.

Сисен Жүгінісов - Қарақия ауданының тұрғыны

Ақиқаты - главный жолмен келе жатыр. Мысалы печехотка келгенде де қарайдығо адам. Еще трактормен өтіп кетемін деп ойладым деп жазады. Сосын облысқа береміз Өзенге жібереді.  Өзенге барамыз жауып тастап, облысқа жібереді. Үш рет жіберген болуы керек.  Оның ішінде  Мингисиевтен трактористтен жауап алынбаған. Сол тек бір жауаппен жүр. Жауап жоқ басқа, үстіне қосылған. + 3 адамды өлтіріп тұрса да 30 минутқа қамалған жоқ. Алдымызға кешірім сұрап келген жоқ.

Осы іске байланысты біз облыстық прокуратуратураға хабарластық. Олардың бізге берген мәліметінде, биыл 10 маусым күні қылмыстық істі өндірістен тоқтату туралы Қаулының негізсіз болуына байланысты Жаңаөзен қаласының прокуратурасымен күші жойылғанын айтады.  Іс қайта тексеру үшін қалалық ішкі істер басқармасына жолданған. Бұл қылмыстық іс Жаңаөзен прокуратурасының қадағалауында,- дейді облыс прокурорының орынбасары. Бұл жолы жауапты адамдар жауырды жаба тоқымай, істі әділдікпен қарайды деп сенеміз. Оның қалай шешілетіні біздің бақылауымызда болады.

Тақырып бойынша материалдар

"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
20:18, 3 тамыз 2021
"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
Толығырақ...
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
20:18, 3 тамыз 2021
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
18:52, 29 шілде 2021
Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
Толығырақ...