ШҰҒЫЛ! Даламыз күлге, қаламыз қоқысқа толды Толығырақ

Қымбат су қарызға батырып отыр

20:28, 7 сәуір 2021

Қарақиялықтар қара суды қарызға ішіп отыр. Құрық ауылының тұрғындарының 60 пайызы және 100-ге жуық кәсіпкері ауыз суға қарыз. Ауданның"Каспий су тұщыту" зауытына берешегі 150 млн теңгеге бір ақ шыққан. Бұл зауыт жұмысын басталғалы бері жиналған қарыз. Қарақия ауданында бұдан басқа да ауыз суға қатысты келеңсіздіктер көп секілді. Бірі-суды қарызын жырлап ішсе, енді бірі ұрлап ішіп отыр. Мәселенің мән-жайын Жансая Оразбай біпіп қайтты.

Бұл кәсіпкер Вахид Калиевтің жалға алған дәмханасы. Ауыз суға берешегі  235 мың теңгеге жеткен. Кәсіпкер бір жыл бойы тұтынған суының ақшасын төлемеген.  Коммуналдық мекеме қызметкерлері бірнеше  рет ескерту жасап, су беруді тоқтатып та көрген. Алайда, нәтиже жоқ.

Құдай қаласа, до понидельник край оплатим.

Әнуар Мұратаев - "Тұрмыс сервис" МКМ учаске басшысы

Қарызды осы уақытқа дейін созып келе жатыр. Бүгін және сөйлескен  кезімізде 1 күнге дейін құтыламыз деп айтып жатыр. Азғандай өткізді бір 30-40 мың. Енді қалғанын төлеймін деп уәде беріп отыр.

Бұған дейін осылай құрғақ уәде беріп, ішкен суына ақы төлемеген 20-ға жуық кәсіпкер мен 40-тан астам тұрғынға су беру тоқтатылды.  Ал 100-ден астам тұрғын үйге ескерту жасалған. Осының бәріне құлақ аспағандардың қарызын мекеме  сот арқылы өндіріп алмақ. "Тұрмыс сервис" басшысы бұдан басқа амалым қалмады дейді.

Келдімұрат Даурбаев - "Тұрмыс сервис" мкм директорының м.а

Төлемей отырған халыққа ескерту хат жаздық. Төлемақыңызды төлемесеңіз біз сотқа береміз, сотқа барған жағдайда үстіне қосымша ақша өндіріледі. Бәрі ақылы болады деп ескертпе хатты бердік. Тұрғындардың қолын қойдырып дайындап қойдық. Енді сәуір айында төлемесе онда біздің заң органдарына жүгінуімізге тура келеді.

Коммуналдық мекеме басшысы міндетін атқарушы қарызды бірден төлей алмайтынын ашып айтты. Сол себепті "Каспий су тұщыту" зауытымен келісімге келіп, ай сайын 10 млн теңгеден беріп отыруға уағдаласқан. Алайда тұрғындар мен мекемелерден жиналған қаржының өзі қарызды толық өтемейтінін айтады. Өйткені, күн сайын келетін судың 40 пайызы ұрланады. Бұған себеп 10-ға жуық кәсіпкермен 70 пайыз тұрғынның  су есептегіш құралы өз үйінде орналасқан.

Келдімұрат Даурбаев - "Тұрмыс сервис" мкм директорының м.а.

Счетчикқа дейін үйдің ішіне счетчик құрып қойған. Су өтіп жатқан линияға кран қойып отырғандар анықталды.  Біз олардың суын қиып, бұрынғы бережақтарымен бірге төтіп, бір жылдан кейін баға береміз. 20-ның үстінде үй анықталды. 5-6 жеке кәсіпкер ұсталды. Мойка бар басқа бар 400-500 мың ерешегі барларды қиып тастадық.

Мәселе мұнымен бітпейді. Монополияларды реттеу комитеті Коммуналдық мекемеге судың текше метрін халыққа 162  теңгеден сатуды бұйырған. Ал мекеме суды "Каспий су тұщыту" зауытынан 203 теңгеге алып отыр. Осылай 1 айдың ішінде 1 млн. 118 мың теңгеге шығынға батқан. Миллиондаған берешегі болса да зауыт су беруге мәжбүр. Өйткені тұрғындардың ауыз су алатын басқа жері жоқ.

Жансая Оразбай - тілші

"Каспий су тұщыту" зауытынан келетін күнделікті су осы жердегі 6 резервуарға жиналады. Содан кейін тұрғындар мен мекемелерге таратылады. Қазір зауыттан  1300-1500 текше метр ауыз су келіп тұр. Әзірге бұл ауданға жеткілікті. Ал жазда болатын тапшылықты жою үшін күніне 3 мың текше метр су қажет.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
19:22, 9 сәуір 2021
Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
Толығырақ...